Рональд Куман (, ; 1963 жылы 21 наурызда туған, Зандам, Нидерланд) — нидерландтық футболшы және футбол тренері. Нидерланд Ұлттық футбол құрамасының экс-футболшысы. 1988 жылғы Еуропа чемпионы. Әлемдегі көрсеткіші жоғары қорғаушыРональд Куман — әлемдегі ең мерген қорғаушы. Спорт-Экспресс. 13 қаңтар 2006. Айып доптарын керемет орындай алатын шеберлігімен ерекшеленген футболшы.
Мансабы Кәсіпқой футболшы Мартин Куманның ұлы. Інісі Эрвин Куман да кәсіпқой футболшы.
Клубтық карьерасын 1983 жылы "Гронинген" сапында бастады. 1983 жылы "Аяксқа" ауысып, 1985 жылы Нидерланд чемпионы атанды. Кейін ПСВ клубында үш жылдай доп тепті (1986-89). Осы аралықта Чемпиондар кубогын (1987 жылы) ұтып алды. 1989 жылы "Барселонаға" ауысқан соң да біраз жүлдеге қол жеткізді: 1992 жылы Чемпиондар кубогын тағы да жеңіп алды, төрт рет Испания чемпионы атанды. 1997 жылы "Фейеноорд" сапында ойнап жүріп футболшылық карьерасын аяқтады.
Ұлттық құрамада 1983-94 жылдары ойнап, 1988 жылы Еуропа чемпионы атанды. Одан бөлек 1992 жылы Еуропа чемпионатының қола жүлдесіне қол жеткізді. 1990, 1994 жылдары әлем чемпионатына қатысты.
2018 жылы 6 ақпан күні Нидерланд құрамасының бас бапкері боп тағайындалды.
Жетістіктері
Ойыншы ретінде Командалық
«Аякс»
Нидерланд чемпионы (1): 1984/85 Нидерланд кубогы (1): 1985/86
ПСВ
Нидерланд чемпионы (3): 1986/87, 1987/88, 1988/89 Нидерланд кубогы (2): 1987/88, 1988/89 Чемпиондар кубогы (1): 1987/88
«Барселона»
Испания чемпионы (4): 1990/91, 1991/92, 1992/93, 1993/94 Испания кубогы (1): 1989/90 Испания суперкубогы (3): 1991, 1992, 1994 Чемпиондар кубогы (1): 1991/92 УЕФА суперкубогы (1): 1992
Ұлттық құрамада
Еуропа чемпионы: 1988
Жеке жетістігі
Нидерландының үздік футболшысы: 1987, 1988
Бапкер ретінде «Аякс»
Нидерланд чемпионы (2): 2001/02, 2003/04 Нидерланд кубогы (1): 2001/02 Нидерланд суперкубогы (1): 2002
«Бенфика»
Португалия суперкубогы (1): 2005
ПСВ
Нидерланд чемпионы (1): 2006/07
«Валенсия»
Испания кубогы (1): 2007/08
Барселона Испания кубогы (1): 2020/21
Дереккөздер
Сілтемелер Рональд Куман
Санат:Нидерланд футболшылары Санат:Барселона ФК ойыншылары Санат:Аякс Амстердам ФК ойыншылары Санат:ПСВ ФК ойыншылары Санат:Фейеноорд ФК ойыншылары Санат:Нидерланд Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Нидерланд Ұлттық футбол құрамасының жаттықтырушылары Санат:Аякс Амстердам ФК жаттықтырушылары Санат:Бенфика ФК жаттықтырушылары Санат:ПСВ ФК жаттықтырушылары Санат:Валенсия ФК жаттықтырушылары Санат:Нидерланд футбол жаттықтырушылары Санат:Барселона ФК жаттықтырушылары Санат:Футболдан Еуропа чемпиондары