Джованни Кристиан ван Бронкхорст (, ; родился 5 ақпан 1975, Роттердам) — нидерландылық футболшы. Жартылай қорғаныс пен қорғаныс шебінде ойнаған. Қазір "Фейеноорд" футбол клубының бас бапкері. Мансабы "Фейеноорд" футбол клубының түлегі. Туған клубында 1993-98 жылдары ойнап, кейін "Рейнджерс", "Арсенал", "Барселона" клубтарында доп тепті де, 2007 жылы қайтадан туған клубына оралды. 2010 жылғы әлем чемпионатынан соң карьерасын аяқтады.
Ұлттық құрама сапында 1996-2010 жылдар аралығында ойнады. 2008 жылы құрама қақпашысы Эдвин ван дер Сар құрамадағы карьерасын аяқтаған соң капитандық міндетті атқару Бронкхорсттың еншісіне тиді.
2010 жылы әлем чемпионатының жартылай финалында Уругвайдың қақпасына алыстан гол соғып есеп ашты. Кейін осы голы чемпионаттағы үздік голдардың ондығына енді. Финалдық матчта да негізгі құрамда алаңға шығып, 105 минут ойнады. Бұл кездесуде Нидерланд құрамасы Испаниядан 0:1 есебімен ұтылып қалды. Бұл кездесу Бронкхосттың футболшылық карьерасындағы ең соңғы ресми матч еді.
Жетістіктері
Ойыншы ретінде «Фейеноорд»
Нидерланд кубогы: 1994/1995, 2007/2008
«Рейнджерс»
Шотландия чемпионы: 1998/1999, 1999/2000 Шотландия кубогы: 1998/1999, 1999/2000 Шотладия Лигасының кубогы: 1998/1999
«Арсенал»
Англия чемпионы: 2001/2002 Англия кубогы: 2002, 2003
«Барселона»
Испания чемпионы: 2004/2005, 2005/2006 Испания суперкубогы: 2005, 2006 Чемпиондар Лигасы: 2005/2006
Нидерланд құрамасы
Әлем чемпионатында 4-орын: 1998 Еуропаның қола жүлдегері: 2000, 2004 Әлемнің күміс жүлдегері: 2010
Бапкер ретінде «Фейеноорд»
Нидерланд чемпионы: 2016/2017 Нидерланд кубогы: 2015/16, 2017/18 Нидерланд суперкубогы: 2017
Дереккөздер
Сілтемелер Статистикасы Статистикасы «Barcamania.com» сайтындағы мақала
Санат:Нидерланд футболшылары Санат:Барселона ФК ойыншылары Санат:Арсенал Лондон ФК ойыншылары Санат:Фейеноорд ФК ойыншылары