Пеллагра ( — бұжыр тері) — витамин жетіспеушіліктен болатын ауру. Адам организмінде РР витамині (никотин қышқылы) жетіспесе, Пеллагра ауруына ұшырайды. Сондай-ақ бұл аурудың пайда болуына организмде РР витаминінің алмасуына қажетті триптофан (амин қышқылы) мен рибофлавиннің (В2 – витамині) аз болуы да әсер етеді.

Аурудың белгісі дерматит (теріде, әсіресе бет және мойын терісінің бөртуі), диарея (ауыз қуысы мен ішектің шырышты қабаттарында, асқазанда сөл бөліну мен ас қорыту процесінің бұзылуынан іштің тоқтамауы) деменция (психиканың бұзылуы, полиневрит ауруына шалдығу) түрінде байқалады.

Емі Емдеу авитаминозға себеп болған факторларды жоюдан басталады. Дәрі ретінде никотинамид қолданылады — ниациннің метаболизм өнімінің белсенді түрі. Никотинамидтің қолдану жиілігі мен дозасы науқастың жағдайына байланысты. Емдік диета — жоғары белокты (жануарлық шығу тегі) рацион, оңай сіңірілетін никотин қышқылы мен триптофанға бай.

КСРО дәрігері Лев Александрович Зильбер пеллаграға қарсы балдырдан жасалған ашытқы препаратын әзірлеген.

Тағы қараңыз Квашиоркор Құрқұлақ

Дереккөздер

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VII том

Сыртқы сілтемелер

Санат:Гиповитаминоз