Оскар Альфредо Руджери (; 26 қаңтар 1962 жыл, Росарио, Аргентина) — аргентиналық футболшы, Аргентина құрамасының қорғаныс шебінде ойнаған.

Мансабы Карьерасында жиі клуб ауыстырған. Ең ұзақ ойнаған командасы — "Бока Хуниорс" (1981-85).

Үш бірдей әлем чемпионатына қатысқан. Құрамадағы алғашқы ойынын 1983 жылы Чилиге қарсы өткізді. 1986 жылы әлем чемпионы атанды. Топтық турнирде Оңтүстік Кореяның қақпасына бір гол соқты.

Футболшылық ғұмырын 1997 жылы аяқтап, бапкерлікке ауысты.

Жетістіктері

Командалық

Аргентина чемпионы (3): 1981 (Метрополитано), 1985/86, 1995 (Клаусура) Испания чемпионы (1): 1990 Либертадорес кубогы (1): 1986 Континентаралық кубок (1): 1986 Америка кубогы (2): 1991, 1993 Әлем чемпионы (1): 1986

Жекелей

Аргентинадағы жыл футолшысы (1): 1991 Испаниядағы үздік легионер («Don Balón») (1): 1988/89 Оңтүстік Амеркадағы жылдың символикалық құрамасы (2): 1986, 1991 Оңтүстік Америкадағы жыл футболшысы (1): 1991

Сілтемелер Биографиясы Статистикасы

Санат:Аргентина футболшылары Санат:Реал Мадрид ФК ойыншылары Санат:Аргентина Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Бока Хуниорс ФК ойыншылары Санат:Ривер Плейт ФК ойыншылары Санат:Логроньес ФК ойыншылары Санат:Америка Мехико ФК ойыншылары Санат:Сан-Лоренсо де Альмарго ФК ойыншылары Санат:Ланус ФК ойыншылары Санат:Сан-Лоренсо де Альмагро ФК жаттықтырушылары Санат:Гвадалахара ФК жаттықтырушылары Санат:Индепендьенте ФК жаттықтырушылары Санат:Америка Мехико ФК жаттықтырушылары