Жүсіпбеков Кәрім Шаймұратұлы (1939 жылы туған) – қайраткер. Қазақстан оқу-ағарту ісінің үздігі. Алматы қаласындағы Жоғары партия мектебін бітірген (1972). Еңбек жолын Солтүстік Қазақстан облысы Конюхов ауданы Киров ұжымшарында жұмысшы болып бастаған. Азаматтық қорғаныс штабының бастығы (1963 – 64), Көкшетау ауданы комсомол комитетінің 2-хатшысы, 1-хатшысы (1964 – 68), Рузаев ауданындағы Шарық кеңшарында партия комитетінің хатшысы (1972 – 76), Ленинград ауданы партия комитетінің хатшысы, 2-хатшысы (1976 – 86), Чистополь ауданы халық депутаттары кеңесінің төрағасы (1986 – 92), Көкшетау ауданы әкімшілігінің басшысы (1992 – 94), Көкшетау облысы еңбекпен қамту басқармасының бастығы (1994 – 97) қызметтерін атқарған. 1997 жылдан зейнеткерлік демалыста. Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендері, медальдармен марапатталған.Қазақ Энциклопедиясы

Пайдаланылған cілтемелер

Санат:Тұлғалар