Хорхе Альберто Франсиско Вальдано Кастельянос (; 4 қазан, 1955, Лас-Парехас, Санта-Фе, Аргентина) — аргентиналық футболшы, 1970-80 жылдары Аргентинаның сапында ойнаған шабуылшы.

Мансабы 16 жасынан "Нюэллс Олд Бойз" клубында ойнай бастады. Төрт жылдай ойнап, Еуропаға келді де, кәрі құрлықта тұрақтап қалды. "Депортиво Алавес", "Реал Сарагоса" клубтарында ойнап, 1984 жылы "Реалға" ауысты. Корольдық клуб сапында 40 гол соғып, екі жыл қатарынан УЕФА Кубогын ұтып алды. Ұлттық құрама сапында екі әлем чемпионатына қатысты. Әсіресе 1986 жылғы әлем біріншілігі Вальдано үшін табысты болды, топтық турнирде Болгария мен Оңтүстік Кореяның қақпасына бір-бірден гол соғып, құраманың 1/8 финалға шығуына көмегі тиді. Кейін финалдық матчта ГФР-дің қақпасына құраманың екінші голын соқты. Бұл матчта Аргентина 3:2 есебімен жеңіске жетіп, әлем чемпионы атанды.

Футболшылық ғұмырын аяқтаған соң комментатор да, бапкер де болды. Кейін "Реалдың" бас директоры болды да, 2011 жылы ол қызметтен кетті.

Жетістіктері Ойыншы ретінде

Аргентина чемпионы: 1974 Жастар арасындағы әлем чемпионы: 1979 Испания лига кубогы: 1985 УЕФА кубогы: 1985, 1986 Испания кубогы: 1986, 1987, 1988 Әлем чемпионы: 1986 Бапкер ретінде Испания чемпионы: 1995

Сілтемелер

Санат:Аргентина футболшылары Санат:Реал Мадрид ФК ойыншылары Санат:Аргентина Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Аргентина футбол жаттықтырушылары Санат:Реал Мадрид ФК жаттықтырушылары Санат:Футболдан әлем чемпиондары Санат:Алавес ФК ойыншылары Санат:Ньюэллс Олд Бойз ФК ойыншылары Санат:Реал Сарагоса ФК ойыншылары Санат:Тенерифе ФК жаттықтырушылары Санат:Валенсия ФК жаттықтырушылары