Гуам Ұлттық футбол құрамасы — Халықаралық футбол жарыстарында Гуамның намысын қорғайтын құрама. ФИФА және АФК мүшесі. Басқарушы ұйым — Гуам Футбол Қауымдастығы.
Тарихы Құрама алғашқы ойынын 1975 жылы өткізсе де, ФИФА-ға тек 1996 жылы мүше болды. Әлем чемпионатының іріктеуіне 2015 жылы ғана қатыса бастады. Бұған дейін бірнеше рет Азия кубогының іріктеуіне, Оңтүстік Азия ойындарына және Тынық Мұхит ойындарына қатысқан.
Басты жетістігі — 1998 жылғы Микронезия ойындарындағы алтын медаль.
Бапкерлері
Уилли Макфаул (1999–2003) Сугао Камбе (2003–2005) Норио Цукитате (2005–2009) Казуо Утида (2011–2012) Гэри Уайт (2012–2016) Даррен Шаватски (2016–2017) Карл Додд (2017- )
Стадионы Ұлттық құрама өз алаңындағы матчтарын Хагатна қаласындағы (бұрынғы аты Аганья) кішігірім стадионда өткізеді. Атауы — Ұлттық стадион. Сыйымдылығы 1000 адам. Дереккөздер
Сілтемелер Құрама жайлы ФИФА сайтында
Санат:Гуам Ұлттық футбол құрамасы