Марио Альберто Кемпес (; 15 шілде 1954 жыл, Бель-Вилье) — аргентиналық футболшы, бапкер. Аргентина Ұлттық футбол құрамасының шабуыл шебінде ойнаған. 1978 жылғы әлем чемпионы және сұрмергені (6 гол соққан).

Өмірбаяны Ұлттық құрамадағы алғашқы ойынын 1973 жылы Боливияға қарсы өткізді. Келесі жылы ГФР-де өткен әлем чемпионатына барды, бірақ 20 жасар шабуылшы ол турнирде көзге түсе алған жоқ. Оның жарқыраған чемпионаты 1978 жылы өз елінде өткен әлемдік форум болды. Чемпионатты сылбыр бастаған Кемпес екінші айналымнан бастап күшіне мінді. Финалда Нидерландымен ойында дубль жасап, құраманың алтын медаль алуына өлшеусіз үлес қосты. Бұл чемпионатта Кемпес барлығы 6 гол соғып, үздік мерген атанды.

Кемпес 1982 жылы Испанияда өткен әлем чемпионатына да барды. Бірақ Диего Марадона, Рамон Диас секілді жас перілердің көлеңкесінде қалып, бір гол да соға алмады.

Жетістіктері Командалық Әлем чемпионы: 1978 Кубок Иелерінің кубогы: 1980 УЕФА Суперкубогы 1980 Аргентина чемпионы: Насьональ 1981 Испания кубогы: 1979

Жекелей Оңтүстік Американың үздік футболшысы: 1978 Әлем чемпионатының үздік футболшысы 1978 Әлем чемпионатының үздік мергені 1978 ФИФА 100 тізіміне енген

Cілтемелер

Санат:Аргентина футболшылары Санат:Аргентина Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Валенсия ФК ойыншылары Санат:Росарио Сентраль ФК ойыншылары Санат:Ривер Плейт ФК ойыншылары Санат:Аргентина футбол жаттықтырушылары Санат:Футболдан әлем чемпиондары