Джорджиньо Греджон Эмил Вейналдум (нидерл. Georginio Gregion Emile Wijnaldum; 11 қараша 1990 жыл, Роттердам) — нидерландылық футболшы, тегі суринам. "Аль-Иттифак" футбол клубы мен Нидерланд Ұлттық футбол құрамасының жартылай қорғаушысы.
Мансабы Клубтық "Фейеноорд" футбол академиясының түлегі. Кейін үйіндегілер Амстердамға қоныс аударып, "Спарта" футбол академиясына ауысты. "Спарта" сапында біраз ойнады. Және тез арада клубтың пайдалы футболшыларының біріне айнала бастады. Елдегі "Аякс", "ПСВ", "Фейеноорд" секілді клубтар бірінен соң бірі өздеріне шақырды, таңдауы "Фейеноордқа" түсті. 2007 жылы 17 жасында "Фейеноордтың" негізгі құрамында ойнай бастады.
2011 жылы ПСВ клубына ауысты да, төрт жылдай ойнады.
2015 жылы "Ньюкасл Юнайтед" клубына ауысты.
2016 жылы "Ливерпуль" футболшысы атандыВейналдум Ливерпульге өтті.
2021 жылы "Пари Сен-Жермен" клубымен келісім шарт жасастыДжорджиньо Вейналдум ПСЖ-ға ауысты .
Халықаралық Ұлттық құрама сапындағы алғашқы ойынын 2011 жылы өткізді. Алғашқы добын сол жылы 11 қыркүйекте ЕУРО-2012 іріктеу ойынында Сан-Мариноның қақпасына соқты. Бұл ойында Нидерланд құрамасы 11:0 есебімен жеңіске жетті.
Жетістіктері Нидерланд чемпионы: 2014/15 Нидерланд кубогы: 2011/12 Нидерланд суперкубогы: 2012 Әлем чемпионатының қола жүлдегері: 2014 УЕФА Чемпиондар лигасы: 2018/19 УЕФА суперкубогы: 2019 Англия чемпионы: 2020
Дереккөздер
Сілтемелер Профилі
Санат:Нидерланд футболшыларыСанат:Нидерланд Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары
Санат:Фейеноорд ФК ойыншылары Санат:ПСВ ФК ойыншылары Санат:Ньюкасл Юнайтед ФК ойыншылары Санат:Ливерпуль ФК ойыншылары Санат:Пари Сен-Жермен ФК ойыншылары Санат:Рома ФК ойыншылары Санат:Әл-Иттифак ФК ойыншылары