Антон Александрович Землянухин (11 желтоқсан 1988 жыл, Қара-Балта, Кырғыз ССР, КСРО) — қырғыз футболшысы, жартылай қорғаушы. Қырғызстан құрамасы тарихындағы ең үздік мерген (12 гол).
Карьерасы
Клубтық "Абдыш-Ата" клубының тәрбиеленушісі. 2007 жылы Түркияның "Гиреснспор" клубына ауысты. Түркияның бірінші дивизионындағы ең үздік 20 легионер-мергеннің қатарына қосылдыАнтон Землянухин вошел в ТОР-20 самых перспективных легионеров Турции — cissoccer.com . 2009 жылы клуб президентімен арада кикілжің болып, "Абдыш-Атаға" қайта оралды.
2010 жылы наурызда Тараз ФК"Тараз" клубына жалға берілдіКыргызстанский футболист А. Землянухин будет играть в чемпионате Казахстана за «Тараз» — tokmak.kg 18.03.2010. Тараздықтар сапындаға алғашқы голын 8 турда "Жетісудың" қақпасына соқты. 2012 жылы еркін агент ретінде "Ақтөбеге" ауысты. Бір жылдан соң Алматының "Қайратына" өтті.
Мұнан соң Қазақстанның "Қайсар", Сербияның "Раднички", Хабаорвскінің СКА командаларында ойнады. 2017 жылы СКА клубымен келісім шартты бұзды да, 2018 жылы қыста "Атырауға" ауыстыОфициально: Антон Землянухин — игрок «Атырау».
Құрама сапында 2007-2010 жылдар аралығында Қырғызстан құрамасында ойнады. Араға бес жыл салып, 2015 жылы наурызда қайта оралды. 2018 жылдың сәуіріне дейін құрама сапында 12 гол соқты. Бұл әзірше рекордтық көрсеткіш.
2019 жылы Азия кубогына қатысты.
Жетістіктері Қырғыстаннның күміс жүлдегері: 2009 Қазақстанның қола жүлдегері: 2012 Қырғызстан кубогы: 2009
Дереккөздер
Сілтемелер Футболшының профилі
Санат:Алфавит бойынша футболшылар Санат:Қырғызстан футболшылары Санат:Қырғызстан Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:1988 жылы туғандар Санат:Қайрат ФК ойыншылары Санат:Тараз ФК ойыншылары Санат:Ақтөбе ФК ойыншылары Санат:Атырау ФК ойыншылары Санат:Қайсар ФК ойыншылары Санат:Раднички Ниш ФК ойыншылары Санат:Абдыш-Ата ФК ойыншылары Санат:Дордой ФК ойыншылары Санат:Сисакет ФК ойыншылары Санат:Алға ФК ойыншылары