Кристоф Крамер (; 19 ақпан 1991 жыл, Золинген, Германия) — неміс футболшысы. Германия Ұлттық футбол құрамасы мен «Боруссия Мёнхенгладбах» клубының жартылай қорғаушысы. 2014 жылғы әлем чемпионы.

Өмірбаяны 2010 жылы "Байердің" фарм-клубына қабылданды. Бір маусымдай ойнаған соң бірінші командаға ілікті де, бірден екінші бундеслигада ойнайтын "Бохумға" жалға берілді. "Бохумнан" қайтқан соң "Боруссия (Мёнхенгладбах)" клубына жалға кетті. Бундеслигадағы дебюті солайша 2013 жылы 9 тамызда "Баварияға" қарсы ойынға тура келді. Алғашқы голын 17 тамыз күні "Ганновердің" қақпасына енгізді.

2016 жылы 8 маусымда "Боруссияға" түпкілікті өтті. Келісім шарты 2021 жылға дейін жарамды.

Құрама сапында Ұлттық құраманың жастар клубында біраз уақыт ойнаған соң, 2014 жылы 13 мамыр күні Германия—Польша матчында негізгі құрамада тұңғыш рет алаңға шықты. Кейіндей Кристоф 2014 жылғы Әлем чемпионатына баратын 23 футболшының қатарына енді.

Әлем чемпионатынның финалдық матчында Аргентинаға қарсы алаңға шығып, ойын барысында жарақат алып, алаңнан кетуге мәжбүр болды.

Жетістіктері Әлем чемпионы: 2014

Дереккөздер

Сілтемелер Футболшының профилі

Санат:Германия футболшыларыСанат:Футболдан әлем чемпиондары Санат:Германия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:19 ақпанда туғандар Санат:Боруссия Менхенгладбах ФК ойыншылары Санат:Бохум ФК ойыншылары Санат:Байер 04 ФК ойыншылары