Алехандро Сабелья (, 5 қараша 1954, Буэнос-Айрес, Аргентина) — аргентиналық футболшы, бапкер.
Карьерасы Футболшылық "Ривер Плейт" футбол клубының түлегі. Жастар клубында да, негізгі клубында да бірнеше жыл өнер көрсетіп, 1978 жылы "Шеффильд Юнайтедке" ауысты. Бірақ Англияда жүріп ешқанда титулға қол жеткізе алмады. 1989 жылға дейін Бразилияның "Гремио", Мексиканың "Ирапуато" секілді клубтарында ойнап, карьерасын 35 жасында аяқтады.
Құрама сапында тек 1983 жылы ғана ойнады.
Бапкерлік 2009 жылдан бастап қана өз алдына жаттықтырушы бола бастады. 2009 жылы наурыз айында "Эстудиантестің" тізгінін ұстап, сол жылы-ақ "Крузейроны" 2:1 есебімен ұтып, Либертадорес кубогын ұтып алды. Бұл "Эстудиантестің" 38 жылдан бергі аталмыш турнирдегі бірінші жеңісі еді. Одан бөлек "Эстудиантес" Аргентина чемпионы атанды.
2011 жылы Либертадорес кубогіндегі сәтсіздіктерден соң Сабелья "Эстудиантестен" кетті..
Сол жылы 29 шілдеде Аргентина құрамасына бапкер болып келді. 2014 жылғы әлем чемпионатында оның жаттықтыруымен құрама 1990 жылдан бері бірінші рет финалға шықты. Бірақ Германиядан 0:1 есебімен ұтылып қалды.
Жетістіктері Футболшы ретінде Аргентина чемпионы (5): 1975-М, 1975-Н, 1977-М, 1982-Н, 1983-Н
Бапкер ретінде Либертадорес (1): 2009 Аргентина чемпионы (1): 2010 (Апертура) Әлемнің күміс жүлдегері: 2014
Дереккөздер
Сілтемелер Лидс Юнайтед сайтындағы биографиясы
Санат:Аргентина футболшылары Санат:5 қарашада туғандар Санат:Аргентина Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Ривер Плейт ФК ойыншылары Санат:Шеффилд Юнайтед ФК ойыншылары Санат:Лидс Юнайтед ФК ойыншылары Санат:Эстудиантес ФК ойыншылары Санат:Гремио ФК ойыншылары Санат:Ирапуато ФК ойыншылары Санат:Аргентина футбол жаттықтырушылары Санат:Аргентина Ұлттық футбол құрамасының жаттықтырушылары Санат:Эстудиантес ФК жаттықтырушылары