Төменарық — Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы ауыл, Төменарық ауылдық округі орталығы.

Халқы Тұрғыны 4520 адам (2022 жылдың мәліметі). Код КАТО — 434063100.

Географиялық орны Аудан орталығы – Жаңақорған кентінен солтүстік-батысқа қарай 25 км жерде орналасқан. Іргесі 1930 жылы қаланған. 1978 – 1996 жылдары бау-бақша өсірумен айналысатын “Алмалы” кеңшарының орталық болған. Кеңшар негізінде Төменарықта шаруа қожалықтары құрылды. Төменарықта Алпамыс батыр батырдың жары – Гүлбаршынның Көккесене күмбезі орналасқан.

Төменарық елді мекенінен шыққан атақты тұлғалар Төменарық ауылында туып өскен, еңбегімен елге танымал болған азаматтар көптеп саналады. Олардың ішінде: Ә. Исаев - Социалистік Еңбек Ері Ә. Еламанов - Социалистік Еңбек Ері О. Байымбетов - Социалистік Еңбек Ері О. Бидашов - Социалистік Еңбек Ері Ж. Мәлібеков - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының авторы М. Молдабеков - «Досмұхасан» ансамблінің негізін қалаушылардың бірі, академик М. Әбенов - Қоғам қайраткері, ҚР Білім және Ғылым министрлігі вице-министрі (2013-2014), депутат (2008-2012)

Ауыл суреттері

Дереккөздер

Сілтемелер Төменарық ауылдық округінің ресми сайты Викимапияда

Санат:Жаңақорған ауданы елді мекендері Санат:Қазақстан темір жол бекеттері