Гвинея Ұлттық футбол құрамасы — халықаралық жарыстарда Гвинеяның атынан сынға түсетін Ұлттық құрама. ФИФА және КАФ мүшесі. Басқарушы орган - Гвинея Футбол Федерациясы.

Тарихы Әзірше әлем чемпионатына қатысқан емес. Ал Африка Ұлттар кубогіне 11 рет қатысқан. Ең жоғарғы көрсеткіші екінші орын (1976 жыл). Соған қарамастан Гвинея құрамасы 20 ғасырдағы Африканың үздік он құрамасының қатарына енген. 2004, 2006, 2008 жылдары Африка Ұлттар Кубогының 1/4 финалына шыққан. Ал, Батыс Африка құрамалары қатысатын Амилькар Кабраль атындағы турнирдің фавориттерінің бірі. Ол турнирде бес рет жеңімпаз атанған.

Жетістіктері Амилькар Кабрал кубогының жеңімпазы (1981, 1982, 1987, 1988, 2005) Африканың күміс жүлдегері (1976)

Атақты футболшылары Бобо Бальде Исмаэль Бангура Каба Диавара Камиль Заятт Умар Калабан Тити Камара Фоде Мансаре Пабло Тиам Ибраима Траоре Паскаль Фейндуно Сулейман Юла Ибрагим Яттара Наби Яттара

Сілтемелер ФИФА сайтында

Санат:Гвинея Ұлттық футбол құрамасы