Сергей Сергеевич Остапенко (23 ақпан 1986 жыл, Алматы) — қазақстандық футболшы, шабуылшы. Қазақстан Ұлттық футбол құрамасында ойнаған.

Мансабы Карьерасын "Цесна" клубында (кейін команда атауы "Алматы" боп өзгертілді) бастаған. Осы клуб сапында жүріп, 2006 жылы ұлттық құрамаға шақыртылды. Құрама сапында 2007 жылы маусымда Әзірбайжан құрамасына қарсы ойында алаңға шықты. Бұл ЕУРО-2008 турнирінің іріктеу матчы болатын. 2007 жылы 21 қараша күні Ереванда Арменияның қақпасына алғашқы голын енгізді (бұл ойында Қазақстан 1:0 есебімен ұтты).

2008 жылы қаңтарда Максим Жалмағамбетов екеуі Бельгияның "Антверпен" клубына жалға берілді. Бірақ негізгі құрамға іліге алмай, жыл ортасында "Алматы" клубына қайта оралды.

2014 жылы 28 жасында "Қайсарда" ойнап жүріп карьерасын аяқтады.

Жетістіктері Қазақстанның күміс жүлдегері: 2007, 2011 Қазақстан кубогы: 2006, 2007, 2010, 2012 Интертото кубогы: 2007 Достастық елдері кубогының финалисі: 2009 Жеке өмірі Әйелінің аты - Анна. Балалары: Семен мен Полина.

Ұлттық құрамадағы голдары 1 21. 11. 2007 Республикалық, Ереван Армения 1-0 ЕУРО-2008 іріктеуі 2 20. 08. 2008 Орталық, Алматы Андорра 3-0 ӘЧ-2010 іріктеуі 3 20. 08. 2008 Орталық, Алматы Андорра 3-0 ӘЧ-2010 іріктеуі 4 6. 09. 2008 Орталық, Алматы Украина 3-1 ӘЧ-2010 іріктеу 5 9. 02. 2011 Анталья стэдиум Беларусь 1-1 Жолдастық 6 6. 09 2011 Тофик Бахрамов, Баку Әзірбайжан 3-2 Еуро-2002 іріктеуі

Санат:Қазақстан футболшылары Санат:Астана ФК ойыншылары Санат:Алматы ФК ойыншылары Санат:Тобыл ФК ойыншылары Санат:Ақтөбе ФК ойыншылары Санат:Жетісу ФК ойыншылары Санат:Қайсар ФК ойыншылары Санат:Қазақстан Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары