Сиыршы— Ежелгі түркілерде, қытай жылнамаларында “сеер” атауы кездеседі. Ғұн ордасында болған грек тарихшысы Прискустің жазуына қарағанда б.з.б. 5 ғасырында Каспий мен Днепр арасында Сеерлер мемлекеті болған. Ғұндарға тәуелді бұл мемлекетті 454 жылға дейін Аттилланың үлкен ұлы Эллак билеген. Сиыршы — Жалайыр тайпасының cырманақ тармағынан тарайтын ру. Орыс географы қоғамының Н.А. Абрамов басқарған зерттеушілері жинаған мәліметтерінде 1864 жылы С-дан тараған сырымбет, бәйімбет аталары 800 түтін болған. Қыстаулары — Жалғызағаш пен Лаба тауы, жайлауы Ешкіөлместе — Қызылжора сайы, Қараталдың оң жағы. Сиыршының ұраны мен таңбасы жалайырмен бірдей. Сиыршы — сиыр бағатын адам. Сиыршы — солтүстік жартыаспандағы шоқжұлдыз.
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Сиыршы · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.