Станимир Стоилов (; 13 ақпан 1967, Хасково) — бұрынғы болгар футболшысы, Левски клубының қазіргі менеджеры. Болгария құрамасы, Астана ФК және Қазақстан құрамысының бұрыңғы менеджері.
Мансабы Футболшы Болгария, Түркия, Португалия клубтарында өнер көрсеткен. Болгария чемпионатында 295 ойын өткізіп, 75 гол соққан (Жоғары топтағы көрсеткіші 234 матч, 53 гол).
Болгария құрамасында 1992-2000 жылдары ойнап, 14 ойында алаңға шықты.
Бапкер Бапкерлік мансабында көбіне болгар клубтарын жаттықтырды. 2013 жылға дейін шетелдік клубтардан тек Кипрдің АПОЭЛ-ін ғана жаттықтырды. Болгарияның "Левски", "Литекс", "Ботев" командаларын және екі рет Болгария Ұлттық футбол құрамасының тізгінін ұстап, 2014 жылы Қазақстанға келіп, сонда тұрақтап қалды. Әуелі "Астана" клубы оның басқаруымен Қазақстан клубтары арасында тұңғыш рет УЕФА Чемпиондар Лигасының топтық турниріне жолдама алды. Одан кейін екі маусым қатарынан (2016/17, 2017/18) УЕФА Еуропа Лигасының топтық турнирінде өнер көрсетті де, 2017/18 маусымда көктемгі плей-офф ойындарына дейін жетті.
Осы жетістіктерден соң Қазақстанның Футбол Федерациясы оны Қазақстан құрамасына бапкерлікке шақырды. 2018 жылы 1 наурызда Ұлттық құраманың тізгінін ұстады. Алғашқы кездесуін 2018 жылы 23 наурызда Будапештте Мажарстан құрамасымен өткізіп, 3:2 есебімен жеңіске жетті.
2018 жылғы 24 наурызға дейін бапкерлік мансабында 456 ойын өткізіп, 272 кездесуде жеңіске жетті. 100 ойынды тең аяқтаса, 87 кездесуде оның баптаған клубтары жеңіліп қалған.
2018/19 жылғы УЕФА Еуропа Лигасында Қазақстан құрамасы 6 ойынның біреуінде ғана жеңіске жетті. 2019 жылдық басында Стоилов құрама бапкерлігінен кетті.
Жетістіктері Ойыншы ретінде
Болгария чемпионы (4): 1994/95, 1999/00 Болгария кубогы (5): 1991, 1992, 2000, 2002, 2003
Бапкер ретінде Қазақстан чемпионы (4): 2014, 2015, 2016, 2017 Қазақстан кубогы: 2016 Қазақстан суперкубогы: 2015, 2018 Қазақстан Премьер Лигасындағы үздік жаттықтырушы: 2015, 2016, 2017
Сыртқы сілтемелер National Football Teams сайтындағы профилі
Санат:Болгария футболшылары Санат:Қазақстан Ұлттық футбол құрамасының жаттықтырушылары Санат:Болгария футбол жаттықтырушылары Санат:Астана ФК жаттықтырушылары Санат:Болгария Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Болгария Ұлттық футбол құрамасының жаттықтырушылары Санат:Литекс ФК жаттықтырушылары Санат:Анортосис ФК жаттықтырушылары Санат:Ботев Пловдив ФК жаттықтырушылары Санат:Левски ФК ойыншылары Санат:Левски ФК жаттықтырушылары Санат:Фенербахче ФК ойыншылары Санат:ЦСКА София ФК ойыншылары