УЕФА Чемпиондар Кубогының финалы 1956 — УЕФА Чемпиондар Кубогының 1955/56 жылғы маусымының финалдық матчы. Турнир тарихындағы тұңғыш финал. 1956 жылы 13 маусымда Париждегі "Парк де Пренс" стадионында өтті. "Реал" футболшылары 4:3 есебімен "Реймс" клубын ұтып, турнирдің тұңғыш жеңімпазы атанды.
Ойын Орталық Еуропа уақыты бойынша 20:30-да басталды. Матч өте тартысты өтті. Екі жақ та аталмыш турнирдің тұңғыш жеңімпазы болу үшін барын салды. 10-минуттың өзінде "Реймс" 2:0 есебімен алда тұрды. "Реал" екі гол соғып, есепті теңестірді де, 62-минутта франциялық клуб тағы да алға шықты. Бірақ 67, 79 минуттарда "Реал" екі доп соғып, осы есепті сақтап қала алды. Протокол
Реал Мадрид: ққ 1 Хуан Алонсоқр 2 Анхель Атьенсақр 3 Алонсо Имас Маркитосқр 4 Рафаэль Лесмесқр 5 Мигель Муньос(к)жқ 6 Хосе Мария Саррагажқ 7 Хосеитожқ 8 Рамон Марсальжқ 9 Альфредо Ди Стефанош 10 Эктор Риальш 11 Пако ХентоБапкер: Хосе ВильялонгаРеймс: ққ 1 Рене-Жан Жакеқр 2 Симон Зиммиқр 3 Робер Жонке (к)қр 4 Рауль Жираудожқ 5 Мишель Леблонжқ 6 Роберт Сяткажқ 7 Мишель Идальгожқ 8 Леон Гловацкижқ 9 Раймон Копаш 10 Рене Блиардш 11 Жан ТемпленБапкер: Альбер Батто
Санат:1956 жылғы футбол Санат:Реал Мадрид ФК ойындары Санат:Реймс ФК ойындары Санат:УЕФА Чемпиондар лигасының финалдары