Ұлан Әділжанұлы Нүсіпәлі (1968 жылы 29 шілдеде Алматы облысы Райымбек ауданында туған) — актер. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2009). Құрмет орденінің иегері (2016). Толығырақ Ұлан Әділжанұлы Нүсіпәлі 1968 жылы 29 шілдеде Алматы облысы Райымбек ауданында дүниеге келген. 1989 - 1993 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ Мемлекеттік театр және кино институтын (Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы) «Театр және кино актеры» мамандығы бойынша бітірген. 1997 - 2000 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Заңгер» мамандығы бойынша бітірген. 2017 жылы Қазақстан инженерлі-педагогикалық Халықтар достығы университетінің «Психология және педагогика» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алды. Еңбек жолы 1985 - 1989 жылдары Еңбекшіқазақ ауданы мәдениет бөлімінің автоклуб меңгерушісі 1993 - 1996 жылдары Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері 1996 - 1998 жылдары «Тамаша» ойын-сауық отауының актері 1998 - 2012 жылдары «Терісқақпай» комедия театрының бас директоры 2012 жылдан бастап Қазақ ұлттық өнер университетінің аға оқытушысы 2017 жылдың желтоқсан айынан бастап Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының директордың орынбасары лауазымдық қызметін атқарады. Марапаттары 2009 — Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері құрметті атағымен марапатталды 2016 — Құрмет ордені

Санат:Қазақ ұлттық өнер академиясы түлектері Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері Санат:Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театры тұлғалары