Наштай Мұхитдинов (30.8.1941 жылы туған, Ордабасы ауданы Қарааспан ауылы) – ғалым, биология ғылымдарының докторы (1996), профессор (1997).

Өмірбаяны ҚазМУ-дің (қазіргі ҚазҰУ) биология факультетін бітірген (1966). 1970 жылы осы оқу орнында ассистент, ал 1971 жылдан бастап оқытушы болды. 1980–83 жылы биология факультеті деканының орынбасары, 1983–88 жылдары ғылыми жұмыстар жөніндегі проректордың орынбасары қызметін атқарды. 1988 жылдан кафедра меңгерушісі, 1995–2000 жылдары биология факультетінің деканы.

Ғылыми жұмыстары Қазақстанның әр түрлі экология жағдайларында – сор және сортаң топырақта, Іле Алатауының альпі, субальпі, бұталы, шөптесін өсімдікті белдеулерінде өсетін доминантты өсімдіктердің тамыр жүйесінің морфоқұрылымына алғаш рет талдау жасады. Табиғи флорадағы және мәдени өсімдіктердің 50 түрінің тамыр жүйесінің ерекшеліктерін және басқа да экологиялық жағдайларда өсетін 110 өсімдік түрлерінің тамыр жүйесін зерттеді. Бұл зерттеулер тамыр жүйесінің экологиялық бейімделу дәрежесін анықтауға әрі салыстырмалы талдау жасауға мүмкіндік берді. Академик И.О. Байтулинмен бірге өсімдіктердің ерекше экологиялық түрін – факультативті және облигатты галоидофиттерді анықтады. Кейінгі жылдары ғалым факмокопеялық және болашағы бар дәрілік өсімдіктердің биол. ерекшеліктерін зерттеуде.Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы

Шығармашылығы Геоботаника негіздері (оқу құралы), А., 1992; Экологоморфологические особенности корневой системы растений солонцов и солонцеватых почв, А., 1996; Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясы (оқулық), өңделген екінші басылымы, А., 2001; Лекарственные растения (учебное пособие), А., 2002.Қазақ Энциклопедиясы Марапаттары ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің мақтау қағазын (1984) «Үздік еңбегі үшін» (2003) медалімен марапатталған.

Дереккөздер

Санат:30 тамызда туғандар Санат:1941 жылы туғандар Санат:Ордабасы ауданында туғандар Санат:Қазақстан биологтары Санат:Биология ғылымдарының докторлары Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессорлары Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті оқытушылары Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті декандары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасының иегерлері Санат:Ерен еңбегі үшін медалінің (Қазақстан) иегерлері