Уильям Катберт Фолкнер (, 29 қыркүйек 1897, Нью-Олбани, Миссисипи — 6 шілде 1962) — американдық жазушы, Нобель сыйлығының иегері (1949)«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9 IX том.
Өмірбаяны Уильям Катберт Фолкнер ақсүйектер отбасынан шыққан. 1-дүниежүзілік соғыс жылдары Канада армиясында қызмет атқарды, бірақ әскери қимылдарға қатысқан жоқ. Соғыстан кейін Миссисипи университетіне түсті. Бір жылдан кейін оқуды тастап, әртүрлі жұмыстарды (құрылысшы, клерк, т.б.) атқарды.
Шығармашылық мансабы 1925 жылдан бастап шығармашылықпен айналыса бастаған. “Солдат наградасы”, “Москиттер”, “Сарторис” романдарын жазғаннан кейін Голливудқа маман-консультант ретінде қызметке шақырылды. Көптеген әңгімелер, детективті шығармалар жазған. Әсіресе, “Авессалом, Авессалом” романы жазушыны әлемдік әдебиет классиктерінің қатарына қосты. Ол өз шығармаларында негізінен АҚШ-тың оңтүстік штаттарының тарихын, тұрмыс-тіршілігін, мифологиясын және мәдениетін арқау етті.
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер УИЛЬЯМ ФОЛКНЕР
Санат:Әдебиеттен Нобель сыйлығының иегерлері Санат:АҚШ жазушылары