Пари Сен-Жермен (ПСЖ) () — Франция астанасы Париждегі кәсіпқой футбол клубы. Франция чемпионатының он екі дүркін жеңімпазы, Франция кубогының он алты дүркін иегері.
Тарихы ХХ ғасырда 1970/71 жылғы маусым басында "Париж" және жаңадан құрылған "Пари Сен-Жермен" клубы біріктіріліп, жарысты Францияның екінші дивизионынан бастады. Сол маусымда-ақ жоғары дивизионға жолдама алды. 1971-72 жылғы маусымның соңына қарай қаржы тапшылығынан команда қайтадан екіге бөлінуге мәжбүр болды. "Париж" жоғары топта қалды да, "Пари Сен-Жермен" әуесқой клубтың бірі ғана боп қалды. Тіпті үшінші дивизионға да түсіп кетті. Бірақ көп ұзамай жоғары дивизионға қайта оралды да, содан қайтадан төменге түскен жоқ.
Алғашқы жүлдесін 1981 жылы жеңіп алды: Франция кубогын иеленді. Осы қарқынмен күшейе отырып, 1985-86 маусымда бірінші рет Франция чемпионы атанды.
ХХІ ғасырда 2011 жылы клубтың 70 пайыз акциясын Qatar Sports Investments сатып алды. Екі-үш жылдың ішінде клубқа Жереми Менез, Блез Матюиди, Мохаммед Сиссоко, Хавьер Пасторе, Максвелл, Алекс Коста, Тиаго Мотта, Златан Ибрагимович, Тиаго Силва, Эсекьель Лавесси, Марко Верратти, Лукас Моура, Дэвид Бекхэм секілді футболшылар келді де, клуб Франция чемпионатында өзгелерден оқшауланып, алға шығып кетті. 2012/13 жылғы маусымда команда мерзімінен әлдеқайда бұрын чемпион атанды. УЕФА чемпиондар Лигасының ширек финалына шықты.
2016 жылы клуб тізгінін Унаи Эмери ұстады. 2016/17 жылғы маусымда клуб чемпион атана алмады, Чемпиондар Лигасында "Барселонадан" 1/8 финалда ұтылды. Өз алаңында 4:0 есебімен ойсыратқанымен, сырт алаңда соңғы минуттарда үш бірдей гол жіберіп алып, 1:6 есебімен ірі жеңіліске ұшырады.
2017 жылы жазда клубқа Неймар, Килиан Мбаппе, Дани Алвес секілді жұлдыздар келді. Бірақ олар да Чемпиондар Лигасын ұтуға көмектесе алмады, 2017/18 жылы Чемпиондар лигасының 1/8 финалында "Реалдан" жеңіліс тапты (1:3, 1:2). Осы маусымнан соң ПСЖ Франция чемпионы атанғанына қарамастан, Унаи Эмери бапкерліктен кетті. Оның орнына Томас Тухель келді.
2019/20 жылғы маусымда тұңғыш рет Чемпиондар лигасының финалына шықты, бірақ "Бавариядан" 0:1 есебімен жеңілді. Есесіне тоғызыншы рет Франция чемпионы атанды.
2020 жылдың соңында Томас Тухель бапкерліктен кетіп, Маурисио Почеттино келді.
2012–13, 2013–14, 2014–15, 2015–16, 2017–18, 2018–19, 2019–20, 2021–22, 2022–23, 2023–24 маусымдары Франция чемпионатын ұтып алды.
Жетістіктері Халықаралық УЕФА Чемпиондар лигасы 2024/25, 2025/26 Кубок иелері кубогы - 1996 УЕФА суперкубогы - 1996, 2025 Интертото кубогы - 2001
Ұлттық Жеңімпаз (13): 1985/86, 1993/94, 2012/13, 2013/14, 2014/15, 2015/16, 2017/18, 2018/19, 2019/20, 2021/22, 2022/23, 2023/24, 2024/25 Күміс жүлдегер (9): 1988/89, 1992/93, 1995/96, 1996/97, 1999/00, 2003/04, 2011/12, 2016/17, 2020/21 Қола жүлдегер (3): 1982/83, 1991/92, 1994/95 Франция кубогы (16, рекорд): 1981/82, 1982/83, 1992/93, 1994/95, 1997/98, 2003/04, 2005/06, 2009/10, 2014/15, 2015/16, 2016/17, 2017/18, 2019/20, 2020/21, 2023/24, 2024/25 Франция суперкубогы (13, рекорд): 1995, 1998, 2013, 2014, 2015, 2016, 2017, 2018, 2019, 2020, 2022, 2023, 2024 Франция лига кубогының жеңімпазы (9): 1994/95, 1997/98, 2007/08, 2013/14, 2014/15, 2015/16, 2016/17, 2017/18, 2019/20
Жейделері
Құрамы 2020/2021 № Қақпашылар Туған күні Азаматтығы1Кейлор Навас15.12.1986Коста-Рика16Серхио Рико01.09.1993Испания40Гариссон Инносан16.04.2000Франция50Джанлуиджи Донарумма25.02.1999Италия№ Қорғаушылар Туған күні Азаматтығы2Ашраф Хакими4.11.1998Марокко3Преснель Кимпембе13.08.1995Франция4Серхио Рамос30.03.1986Испания24Тило Керер21.09.1996Германия5Маркиньос14.05.1994Бразилия14Хуан Бернат01.03.1993Испания20Лайвен Кюрзава04.09.1992Франция22Абду Диалло04.05.1996Франция25Митчелл Баккер20.06.2000Нидерланд31Колин Дагба09.09.1998Франция32Тимоте Пембеле09.09.2002Франция№ Жартылай қорғаушылар Туған күні Азаматтығы6Марко Верратти05.11.1992Италия8Леандро Паредес29.06.1994Аргентина12Рафинья12.02.1993Испания15Данилу Перейра09.09.1991Португалия18Джорджиньо Вейналдум11.11.1990Нидерланд21Андер Эррера14.08.1989Испания23Юлиан Дракслер20.09.1993Германия27Идрисса Гуэй26.09.1989Сенегал36Кайс Руис-Атиль26.08.2002Марокко№ Шабуылшылар Туған күні Азаматтығы7Килиан Мбаппе20.12.1998Франция9Мауро Икарди19.02.1993Аргентина10Неймар05.02.1992Бразилия11Анхель Ди Мария14.02.1988Аргентина19Пабло Сарабия11.05.1992Испания30Лионель Месси24.06.1987Аргентина
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер
Ресми сайты
Санат:Франция футбол клубтары Санат:1970 жылы құрылған футбол клубтары Санат:Пари Сен-Жермен ФК