Сальвадор Ұлттық футбол құрамасы — халықаралық футбол жарыстарында Сальвадордың атынан сынға түсетін ұлттық құрама. КОНКАКАФ және ФИФА мүшесі. Басқарушы орган: Сальвадор Футбол Федерациясы.

Тарихы Екі рет әлем чемпионатына қатысқан. 1970 және 1982 жылдары қатысып, бір ұпай да олжалай алмаған. 1982 жылы Мажарстан құрамасынан 1:10 есебімен ойсырай ұтылады. Бұл - әлем чемпионаттары тарихындағы ең ірі жеңіс немесе ірі жеңіліс еді. Сальвадорлықтар сапынан жалғыз голды 64 минутта Луис Рамирес енгізді. Бұл доп әзірге сальвадорлықтардың әлем чемпионатының финалдық турнирлерінде соққан жалғыз гол.

1970 жылдан бері әлем чемпионатының іріктеу турниріне қатысып келеді. Аталмыш турнирде барлығы 130 ойын өткізіп, 61 матчта жеңіске жетіпті. 24 ойында тең түсіп, 45 матчта ұтылып қалған. Доп айырмасы: 221-145

КОНКАКАФ турниріне 1963 жылдан бері 16 рет қатысқан. Екі рет (1963, 1981) финалға дейін жеткен. (64 ойын, +18 =18 -28, Доп айырмасы:71-91).

Құрама мергендері #ФутболшыЖЖГолдар саны1Рауль Диас Арсе1991–2000392Хорхе Гонсалес1976–1998213Родольфо Селайя2008–present214Хуан Франциско Барраса1953–196919Хосе Мария Ривас1979–1989196Руди Корралес2001–2011177Луис Рамирес Запата1971–198916Осаэль Ромеро 2007–2013169Мигел Крус1935–195015Элисео Кинтанилла2006–201215

Дереккөздер

Сілтемелер Құрама жайлы ФИФА сайтында

Санат:Сальвадор Ұлттық футбол құрамасы