Қабылтөбе — Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы, Теректі ауылдық округі құрамындағы ауыл.

Географиялық орны Аудан орталығы - Теректі ауылынан солтүстік-батысқа қарай 10 км-дей жерде, Жайық өзенінің сол жағасында орналасқан.

Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 155 адам (86 ер адам және 69 әйел адам) болса, 2009 жылы 84 адамды (43 ер адам және 41 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 42 адамды (20 ер адам және 22 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары

Дереккөздер

Санат:Теректі ауданы елді мекендері