Махамбет — Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданындағы ауыл, Махамбет ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы – Перемётное ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 37 км-дей жерде, Крутая өзенінің жағасында орналасқан.
Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1674 адам (790 ер адам және 884 әйел адам) болса, 2009 жылы 1859 адамды (899 ер адам және 960 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 2206 адамды (1108 ер адам және 1098 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
Ауыл көшелері Абай Құнанбаев (Ленин) көшесі Абылай хан (4У) көшесі Әлия Молдағұлова (Новостройка) көшесі Бауыржан Момышұлы (Октябрьская) көшесі Бәйтерек (3У) көшесі Болашақ (2У) көшесі Гагарин көшесі Дина Нұрпейісова (Стадионная) көшесі Дінмұхамед Қонаев (Рабочая) көшесі Жастар (Молодёжная) көшесі Жас ұлан (Пионерская) көшесі Жәңгір хан (Советская) көшесі Жеңіс (Парк Победы) көшесі Зелёная көшесі Исатай Тайманов (Тракторная) көшесі Кең дала (Степная) көшесі Қабанбай батыр (Колхозная) көшесі Қажымұқан Мұңайтпасов (Набережная) көшесі Мектеп (Школьная) көшесі Мұхтар Әуезов (Новаторов) көшесі Мәншүк Мәметова (Комсомольская) көшесі Островная көшесі Садовая көшесі Сырым Датов (Совхозная) көшесі Тимонин көшесі Тәуелсіздік (1У) көшесі Шаған көшесі
Дереккөздер
Санат:Бәйтерек ауданы елді мекендері