АҚШ Ұлттық футбол құрама командасы — Халықаралық футбол жарыстарында АҚШ-тың атынан сынға түсетін ұлттық құрама.

Тарихы

Солтүстік Америкада футбол ең әуелі осы АҚШ-та пайда болған. 1880 жылдары бұл мемлекетте футболдан турнирлер өткізілгені туралы мәліметтер көп. Соған қарамастан ұлттық құрама алғашқы ресми ойынын тек 1916 жылы ғана өткізді (20 тамызда Швецияны ұтты, 3:2).

1930 жылғы Әлем чемпионатына қатысқан 13 құраманың бірі. Жартылай финалға жетіп, Аргентинадан 1:6 есебімен ұтылып қалды. Келесі әлем чемпионатында алғашқы ойында-ақ Италиядан 1:7 есебімен ұтылып, жарыстан шығып қалды. 1950 жылы топтық турнирде Англияны ұтып, айды аспанға шығарды, бірақ топтан өте алмады. Келесі әлем чемпионатын 40 жыл күтуге тура келді.

Кейін елде ұлттық футбол лигалары құрылып, әлемдегі мықты футболшыларды тарта бастады. Олардың арасында футбол королі Пелемен бірге Франц Беккенбауэр, Карлос Алберто Торрес, Йохан Нескенс, Теофило Кубильяс, Йохан Кройф, Джордж Бест секілді мықтылар да бар еді. Бұл еңбек тек 90 жылдары ғана нәтиже бере бастады. Мықты футбол дәстүрі пайда болып, құрама 1990-2014 жылдарғы әлем чемпионатына үздіксіз қатысты. 1991-2017 жылдар аралығында алты рет КОНКАКАФ чемпионы атанды.

2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеуінде негізгі қарсылартары Мексика мен Коста-Рикадан ұтылып қалды да, көп жылдардан бері бірінші рет әлемдік додадан тыс қалды.

Жетістіктері КОНКАКАФ кубогының алты дүркін чемпионы: 1991, 2002, 2005, 2007, 2013, 2017 Әлем чемпионатының жартылай финалисі: 1930 Конфедерациялар кубогының финалисі: 2009 Ойыншылар статистикасы 10 қазан, 2017 жылғы көрсеткіштер Көп матч өткізгендер №ОйыншыМатчГолКезең1Коби Джонс16415 1992—20042Лэндон Донован157572000—20143Клинт Дэмпси141572004—4Майкл Брэдли140172006—5Джефф Эйгус13441988—20036Марсело Бальбоа127131988—20007Дамаркус Бизли126172001—8Тим Ховард12102002—9Клаудио Рейна11281994—200610Джози Алтидор110412007—Карлос Боканегра110142001—2012Пол Калиджури11051984—1997

Мергендер №ОйыншыГолМатчКезең1Лэндон Донован571572000—2014Клинт Дэмпси571412004—3Джози Алтидор411102007—4Эрик Виналда341061990—20005Брайан Макбрайд30951993—20066Джо-Макс Мур241001992—20027Брюс Мюррей21851985—19938Эдди Джонсон19632004—20149Дамаркус Бизли171262001—Майкл Брэдли171402006—Эрни Стюарт171011990—2004

Бапкерлер Томас Кэхилл (1916—1924) Джордж Берфорд (1924—1925; 1928) / Нэт Агар (1925—1926) Роберт Миллар (1929—1933) Дэвид Гулд (1933—1934) Билл Ллойд (1934—1937) Эндрю Браун (1947—1948) Уолтер Гислер (1948—1949) Билл Джеффри (1949—1952) Джон Вуд (1952—1953) Эрнё Шварц (1953—1955) / Джордж Мейер (1957; 1965) Джим Рид (1959—1961) Джон Хербергер (1964) Фил Вуснам (Уэльс) (1968) Гордон Джейго (1969) Боб Кехоэ (1971—1972) Макс Восняк (1973) Юджин Чижович (1973) Гордон Брэдли (1973) Деттмар Крамер (1974) Эл Миллер (1975) Манни Шеллшайдт (1975) Владимир Чижович (1976—1980) / Боб Ганслер (1982; 1989—1991) Алкис Панагулиас (1983—1985) Лотар Озиандер (1986—1988) Джон Ковальски (1991) / Бора Милутинович (1991—1995) Стив Сэмпсон (1995—1998) Брюс Арена (1998—2006) Боб Брэдли (2006—2011) Юрген Клинсман (2011—2016) Брюс Арена (2016—2017)

Санат:АҚШ Ұлттық футбол құрамасы