Нигерия Ұлттық футбол құрамасы — Халықаралық футбол жарыстарында Нигерия мемлекетінің намысын қорғайтын ұлттық құрама. Басқарушы ұйым — Нигерия футбол федерациясы

Африка құрлығындағы күшті ұжымдардың бірі. 1994, 1998, 2002, 2010, 2014, 2018 жылдары Әлем чемпионатына қатысқан. Африканың үш дүркін чемпионы (1980, 1994,2013). 1996 жылы Атлантада өткен Жазғы Олимпиада Ойындарының чемпионы.

Құрама жайлы фактілер Нигерия құрамасы әлем чемпионаттарында көбіне Аргентинамен бір топқа түскен (1994, 2002, 2010, 2014, 2018). Бәрінде де бір доп айырмашылығымен ұтылған (тиісінше — 1:2, 0:1, 0:1, 2:3, 1:2) Құраманың ең жақсы табысы 1/8 финал. 1994 жылы Италияны 1:0 есебімен ұтып тұрып, Роберто Баджоны тұсай алмады. Нәтижесінде 1:2 есебімен ұтылып қалды. Арада төрт жыл өткен соң осы кезеңде Данияға жол берді — 1:4. 2014 жылы 1/8 финалда 0:2 есебімен Францияға жол берді.

Көп матч өткізгендер №ОйыншыҚұрамада ойған жылдарыОйындарГолдар1Винсент Эньеама2002—2015 101 02Джозеф Йобо2001—2014 100 73Нванкво Кану1994—2011 87 124Мудаширу Лаваль1975—1985 86 125Джон Оби Микел2005— 80 66Джей-Джей Окоча1993—2006 73 147Ахмед Муса2010— 65 13Питер Одемвингие2002—2014 65 119Стивен Кеши1981—1995 64 910Финиди Джордж1992—2002 62 2Питер Руфаи1983—1998 62 1

Көп гол соққандар №ОйыншыҚұрамада ойнаған жылдарыГолдарОйындар1Рашиди Йекини1984—1998 37 582Сегун Одегбами1976—1982 23 463Якубу Айегбени2000—2012 21 584Икечукву Уче2007— 19 465Обафеми Мартинс2004— 18 426Самсон Сиасиа1984—1998 16 517Джей-Джей Окоча1993—2006 14 73Джулиус Агахова2000—2007 14 32Асукуо Экпе1956—1965 14 ?Томпсон Усиан1976—1981 14 ?11Ахмед Муса2010— 13 65Дэниел Амокачи1990—1999 13 44Сандей Ойарекуа1971—1976 13 30 Дереккөздер

Санат:Нигерия Ұлттық футбол құрамасы