Футболдан ерлер арасындағы әлемнің 11-ші чемпионаты — 1978 жылы Аргентина стадиондарында өтті. Турнирге 1974 жылғы секілді 16 ел қатысты. Өткізілу ережесі 1974 жылғыдан өзгерген жоқ, яғни, 16 құрама төрт топқа бөлінді де, озып шыққан сегіз құрама екінші топтық кезеңде тағы екі топқа бөлініп сынға түсті. Ол жерде бірінші орын алғандар тікелей финалға шықса, екінші орында қалғандар 3-орын үшін ойнады. Финалда Аргентина-Нидерланд құрамалары кездесіп, Аргентина 3:1 есебімен жеңіске жетті де, тарихта бірінші рет әлем чемпионы атанды.
Бірінші топтық турнир А тобы
В тобы
С тобы
Д тобы
Екінші топтық кезең 1 топ
2 топ
Үшінші орын үшін
Финал Арнайы мақала: Футболдан 1978 жылғы әлем біріншілігі (финал)
Мергендер 6 гол Марио Кемпес
5 гол Роб Ренсенбринк Теофило Кубильяс
4 гол Леопольдо Луке Ханс Кранкль
3 гол Дирсеу Роберто Динамит Карл-Хайнц Румменигге Паоло Росси Джонни Реп
Санат:Футболдан 1978 жылғы әлем біріншілігі