Витторио Поццо (итал. Vittorio Pozzo; 2 наурыз 1886 жыл, Турин — 21 желтоқсан 1968 жыл, Пондерано), италиялық футбол бапкері. Италия құрамасын екі рет (1934, 1938) әлем чемпионы атандырған. Екі рет қатарынан әлем чемпионы атанған әлемдегі жалғыз бапкер.
Өмірбаяны Ата-анасы оның футболшыдан гөрі білімді азамат болуын қалаған екен. Витторио сабақты жақсы оқығанмен, футбол атты ойынмен танысқан соң, оған барынша беріліп кетеді. Оқи жүріп бірнеше әуесқой клубтардың сапында ойнап, көзге түседі. Кейін Швейцарияға оқуға барғанда да сонда "Грассхоппер" сапында бір жылдай өнер көрсетеді. 1906 жылы туған қаласы Туринге оралады да, бірден "Торино" клубына қабылданады.
"Торино" сапында бес жыл ойнайды да, бапкерлікке ауысады. 1912 жылдан бастап он жыл бойы "Ториноны" жаттықтырады. 1924-25 жылдары "Миланды" баптайды.
Ал Италия құрамасын ең алғаш 1912 жылы басқарып, Стокгольдегі Олимпиада ойындарына дайындайды, сосын 1922-24 жылдары, сосын 1929 жылдан 1948 жылға дейін үздіксіз 19 жыл басқарады. Осы аралықта екі рет Әлем чемпионы атанып, тарихта қалады. Бапкерлік карьерасы 1912 Италия1912-1922 Торино1921 Италия (техникалық комиссиямен бірге)1924 Италия1924-1925 Милан1929-1948 Италия
Жетістіктері Орталық Еуропа Кубогы: 1927-1930, 1933-1935 Әлем чемпионы: 1934, 1938 Олимпиада чемпионы: 1936 Санат:Туринде туғандар Санат:Италия футбол жаттықтырушылары Санат:Италия футболшылары Cілтемелер Біздің уақыттың қаһарманы Санат:Алфавит бойынша футболшылар Санат:Италия Ұлттық футбол құрамасының жаттықтырушылары Санат:Торино ФК ойыншылары Санат:Грассхопперс ФК ойыншылары