Благодар ауылдық округі – Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық әкімдігі құрамында болған әкімшілік бірлік, 2018 жылы таратылған.Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы
Тарихы 1995 жылы Красносельский, Өлке, Нефтяник және Ақтасты ауылдары 46011 га жерімен Хромтау ауданы Новотроицк ауылдық округінен Ақтөбе ауданының Благодар ауылдық округіне берілді.Ақтөбе облысы Ақтөбе және Хромтау аудандарының арасындағы әкiмшiлiк шекараны өзгерту
Әкімшілік құрамы Құрамына Кеңес Нокин, Ақшат, Бекқұл баба, Белогорка, Белогорское, Қызылжар, Өлке, Пригородное, Садовое, Украинка, Шилісай ауылдары кіреді. Орталығы – Кеңес Нокин ауылы.
Халқы 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 13448 адамды құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
Дереккөздер
Санат:Ақтөбе қалалық әкімдігінің таратылған ауылдық округтері