Құтлымбет елшілігі Әбілқайыр ханның 1730 жылы Ресей патшайымы Анна Иоанновнаға жіберген.

1730 жылы мамырда Орта және Кіші жүздің беделді ақсүйектері мен шонжарларының жиналысында Санкт-Петербургке өкілетті қазақ елшілігін ұйымдастыру жөнінде шешім қабылданды.Казахско-русские отношение в XVІ – XVІІІ веках. Сборник документов и материалов, А.-А., 1961 Оның алдына қазақ жүздерін сыртқы жаудан қауіпсіз ету үшін Ресей тарапынан одақтас іздеу міндеті қойылды. Қазақ қоғамының ішкі күрделі даму жағдайларында, жоңғарлар мен Еділ қалмақтарының, башқұрттардың, Жайық пен Сібір казактарының қоршауында тұрған қазақ жүздерінің билеушілері Ресей империясымен жақындасуға тырысты. Елшілікті Құтлымбет ҚоштайұлыЛевшин А.И., Описание киргиз-казачьих или киргиз-кайсацких орд и степей, А., 1996 басқарып, құрамына Сейітқұл Қойдағұлұлы және тағы 5 адам енгізілді. Уфа наместнигі арқылы Санкт-Петербургке жіберілген бұл елшілікке Әбілқайыр хан өзін ұлысымен бірге Ресей империясының бодандығына қабылдауды өтінуді тапсырды. Сыртқы істер алқасы Құтлымбет елшілігін құрметпен қабылдап, оларға бағалы сыйлықтар тарту етті және тілмаш А.И. Тевкелев бастаған үлкен комиссия қосып, әскери күзетпен қайтарды.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9,"Қазақ Энциклопедиясы", 10 томҚазақстан тарихы, 3-т., А., 2002

Дереккөздер

Санат:Тарих