Дөң — Ақтөбе облысы Хромтау ауданындағы ауыл, Дөң ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы - Хромтау қаласынан шығысқа қарай 4 км-дей жерде.
Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 2214 адам (1177 ер адам және 1037 әйел адам) болса, 2009 жылы 2529 адамды (1288 ер адам және 1241 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 3089 адамды (1570 ер адам және 1519 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
Дереккөздер
Санат:Хромтау ауданы елді мекендері