Ақсай ауылдық округі – Ақтөбе облысы Темір ауданындағы әкімшілік бірлік.
Әкімшілік құрамы Құрамына Ақсай, Бірлік, Шығырлы, Ащысай ауылдары кіреді. Орталығы – Ақсай ауылы.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, Х том
Тарихы Кеңес заманында Перелюбов ауылдық кеңесі деп аталған. 1997 жылы Ақсай ауылдық округі (орталығы Ақсай а.) таратылып, Бородинов ауылдық округіне (орталығы Бородиновка а.) қосылды.Облыстың әкімшілік аумақтық құрылысына өзгеріс енгізу туралы Кейін Бородинов ауылдық округі Шығырлы ауылдық округі болып өзгертіліп, Ақсай ауылдық округі қайта бөлініп шықты. 2019 жылы Шығырлы ауылдық округі таратылып, Ақсай ауылдық округіне қосылды.Темір ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы
Халқы 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 1168 адамды (630 ер адам және 538 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
Дереккөздер
Санат:Темір ауданы ауылдық округтері