Ақкөл – Ақмола облысы Ақкөл ауданындағы көл.
Гидрографикасы Теңіз деңгейінен 374 м биіктікте орналасқан. Көлемі 2,8 км2, ұзындығы 2,2 км. Енді жері 1,6 км, жағалау бойының ұзындығы 6,4 км. Ең терең жері 1,6 м, су көлемі 3,2 млн. м3. Су жиналатын алабы 33,8 км2. Оңтүстік және шығыс жағалаулары көтеріңкі келген. Жағаларында қамыс және құрақ өседі. Түбі тегіс, тұнбалы. 5,5 ай (қараша — сәуір) мұз құрсауында болады. Басқа уақыттарда құрғап қалады. Суы тұщы, мал суаруға, шаруашылыққа пайдаланылады.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5
Дереккөздер
Санат:Ақкөл ауданы көлдері