thumb|right|200px|Сүмбіле Қосаржұлдыз жүйесі, NASA

Сүмбіле немесе Сириус (), сонымен қатар Үлкен Арлан шоқжұлдызындағы α жұлдыз () — Үлкен Арлан шоқжұлдызында, аспанның орталық жарты шарына орналасқан, (Қазақстанда қыста шығыс оңтүстік аспаннан көрінеді) жерден қарағанда ең жарық көрінетін жұлдыз. Белгісі - Bd:α CMa.

Сүмбіленің жалтырауы 1,46 жұлдыздық шамаға тең болып, екінші жарық жұлдыз Канопуске қарағанда екі есе артық жарқырайды. Оның ағылшынша аты Sirius /sɪɹiəs/, ол ежелгі грекше Σείριος сөзінен келген. Оның Байер белгілемесіндегі аты - Үлкен арлан шоқжұлдызындағы α жұлдыз. Көзімізге сүмбіле бір тұрақты жұлдыз болып көрінгенімен, ол шынтуайтында Қосаржұлдыз болып есептеледі. Ол спектрі A1V болған ақ негізгі тізбек жұлдызы мен спектрі DA2 болған күңгірт ақ ергежейлі серігі Сүмбіле B дан құралады(Bd:α CMa B).«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том

Сүмбіленің басқа жұлдыздардан өте жарық көріну себебі оның жарық шамасының жоғарылығынан ғана емес, және оның жерге өте жақындығынан болған. Ол күнге жақын жұлдыздардың бірі есептеледі. Сүмбіленің Күннен қашықтығы 2,6 парсек (8.6 жарық жылы). Сүмбіле диаметрі жағынан Күннен екі есе үлкен, жарқырауы Күн жарқырауынан 25 есе артық.

Сүмбіле Қосаржұлдызы 200 - 300 млн жылдық тарихқа ие. Ол әу бастан-ақ екі көк түсті жарық жұлдыздан құралған. Жоғары энергияға ие Сүмбіле B өз энергиясын сарқып, алып қызыл жұлдызға айналған және сыртқы қабатынан үздіксіз жеміріліп, осыдан шамамен 120 млн жыл бұрын қусырылып қазіргі Ақ ергежейліге айналған екен.

Қазақ астрономиясындағы Сүмбіле жұлдызы

Қазақ, қырғыз, өзбек, түрікмен, тәжік, парсы, пуштун (Ауғанстан) күнтізбелерінде Сүмбіле жұлдызы 31 күндік зодиак айы саналады.

Ол тамыздың соңы, қыркүйектің басы аралығына Қазақстанның түңгі аспанында пайда болады. Ол Қиыс Оңтүстік (шығыс оңтүстік) аспанынан қыс бойы сәулесін шашып тұрады. Қазақ халқы бұл айдың алғашқы жартысын “Лақ Сүмбіле”, екінші жартысын “Теке Сүмбіле” деп атайды.

Тамыз айында Сүмбіленің суы жүреді, сондықтан да қазақтар "Сүмбіленің суы жүріп пе екен?" – деп сұрайтын болған. Сүмбіле жаңбыры болып өткен жердің көдесінің түбі көк, малға от болады деп, жылқыны қыста сол жерге тебіндеткен.http://kostanaytany.kz/archives/5360

Қазақта "Сүмбіле туса су суыр, Таразы туса таң суыр" деген сөз бар. Яғни, қыркүйектің соңғы онкүндігінде күз келеді. Жауын басталады. Сүмбіле жұлдызы туған шақтан бастап өзен-көлдердің суы ептеп салқындай бастайды. Сүмбіленің аспанда көрінуі елімізде қыстың алғашқы лебімен тұспа-тұс келеді.

Сүмбіле туған соң суда сүлік өле бастайды. Және "Сүмбіле туса сұмпиып,ат тойынар құнтиып" деген сөз бар. Бұл сүмбіле тууымен күн салқындап , жылқы баласына шыбын-шіркейсіз мезгіл басталатынын, әсіресе суда сүлік өліп, жылқылар жақсы жайыла бастайтынынан болса керек.

thumb|right|200px|Сүмбіле. Чандра рентгендік обсерваториясының суреті. Онда "Сүмбіле В" серігі де анық байқалады. "Сүмбіле жұлдызы туғанда жарқырап, Құлынның үлесін биеден тартып ап. Ел қымыз ішкені, Қаздардың қайтқаны, Сол қайтқан қаздардан қыс сәлем айтқаны. Жабырқап қалғаны аққудың құт көлі – Жап-жасыл жайлаудың қызығы біткені. Көтеріл, қыпшақтар, Үй жықсын ұл-қызың... Қолында өледі Сүмбіле жұлдызы." (Олжас Сүлейменов,«Сен – менің кейіпкерімсің», Қадыр Мырзалиев аударған)

Бақылау-өлшеу тарихы X1:N14-M44 Сүмбіле/Сопдеттің иероглиф нұсқасы thumb|right|200px|Мысыр ана құдайы Исида (ISIS), Осиристің әйелі, Перғауындар осы Құдайдың балалары есептелген. Ең ежелгі астрономиялық жазбаларда Сүмбіле туралы айтылған, оны ежелгі мысырлықтар Сопдет(Sopdet, грекше: Σώθις)деп атаған. Ол бейнелі жазуда (иероглиф) жұлдыз бен үшбұрыш арқылы таңбаланған. Мысыр перғауындарының ортакезең патшалығы кезіндегі календары Сүмбіле туған күннен басталған. Сол күні тәңертең Сүмбіле күннен біршама алыстайтындықтан күннен бұрын көтеріліп, өзінің құдіретті де, тылсым нұрын шашып, сосын 70 күннен кейін аспаннан көрінбей кететін болған. Бұл күннің календар үшін маңызы ол Ніл өзенінің тасуына тура келеді. Сүмбіле жоғалатын 70-ші күні миф бойынша Сопдет пен Исиданың мысыр перғауыны сарайына түнеп кетуі есептеледі. thumb|left|300px|Сүмбілені қазақ жерінде қыста шығыс оңтүстік аспаннан оңай байқауға болады. Ежелгі гректер Сүмбіле туғанда жазғы шіліңгір ыстық ағаштарды кептіріп, еркектерді әлсіретіп, әйелдерді мазасыз етеді деп есептеген. Сүмбіле өте жарық болғандықтан, алғашқы жаздың тұрақсыз климатында тіпті де жарқырап, жаман істердің тууын шақырғандай болады. Сүмбіленің пәле-қазасына "ұшыраған" адамды (бір бәлеге ұрынған адамды) “astroboletos”(αστροβολητος)немесе “жұлдыз соққысы” ауруымен ауырды деп есептеген. Сүмбіле олардың жазба деректерінде "өрт", "жалын" деген сөздермен бейнеленіп Сириус деп аталған. Бұл жұлдыз шыққаннан кейінгі жазды "ит күні" деп атаған. Арлан жұлдызы деген сөз осыдан келіп шықса керек. thumb|right|200px|Осирис Эгей теңізінің Искья аралындағы аборигендер салқын жел соққаны үшін Сүмбіле мен Зевске тасаттық беріп, Сүмбіленің аспанда көрінуін үлкен құрметпен күткен. Егер ол жарқырап шықса бақыт-бақтың, молшылықтың нышаны, егер күңгірттеніп шықса, обаның нышаны деп сенген. Археологтар аралдан б.з.д ІІІ ғасырдағы ақшаларды қазып алды. Оның бетіне жарқыраған ит, нұрлы аспан денесі бедерленген, бұл Сүмбіле жұлдызының олар үшін қаншалық маңызды екенін көрсетсе керек.

Римдіктер сәуірдің 25 алды-артында Сүмбіленің Кай батуын тойлаған. Олар римнің астықты қурататын құдайы Robigo-ға бір ит құрбандық шалып, шарап пен жемісті үйіп төгіп, қой да сойып, сол жылы болатын жұлдыз жарығының астықты құртуын "тосады".Ovid. Fasti IV, lines 901-942.

Александриялық Птолемей өзінің «Альмагест» кітабының 7 және 8 тарауларындағы жұлдыздар картасы ішінде Сүмбілені аспан шарының орталық сызығына орналастырған. Ол Сүмбілені 6 қызыл тұрақты жұлдыздың бірі деп сипаттаған. (Оның қызыл жұлдыз ба, емес пе екені туралы тарихта үлкен пікірталас болған.) қалған бес жұлдыз М және К тұрақты жұлдыздары (Арктур және Betelgeuse) қатарлылар.

Жарық жұлдыз ежелгі Полинезиялықтар үшін де өте маңызды болды. Олар өйткені самсыған Тынық мұхит аралдары арасында жұлдызға қарап жол жүрді. Сүмбіле көкжиекте жүргенде ол теңізшілер үшін компас болды. Бұл жарық жұлдыз сондай-ақ белдеулік бұрышты есептеуде қолданылды. Sirius ауытқуы Фиджи аралына сай келетіндіктен, ол әр күні фиджи аралы төбесінде көрінеді. Сүмбіле Алып құс шоқжұлдызындағы “Manu”-дың денесі, Canopus оның оңтүстік қанаты, Procyon оның сол жақ қанаты, сөйтіп полинезия аспаны үлкен екі бөлікке бөлінеді.

Сүмбіленің көтерілуі Грекияда жаздың басталуы болса, Маориліктер үшін суық қыстың басталуы болып, жергілікті халық Сүмбілені де, қысты да Takurua деп атаған екен.

Қозғалысы

1676 жылы әйгілі астрономия ғалымы Эдмонд Галлей оңтүстік Атлант мұхитыының қасиетті Елена (Saint Helena) аралында (Тарихта ол аралға император Наполеон Бонапарт сүргін етілгені, ағылшындардың ұзақ уақыт Күшәламен (арсенмен) уландыруы кесірінен сонда қайтыс болғаны белгілі.) бір жылын өткізііп, оңтүстік жарты шар аспанын зерттейді. Шамамен 40 жылдан кейін (1718ж.) өзінің өлшеулері мен Птолемейдің «Альмагест» кітабындағы деректерді салыстырып, тұрақты жұлдыздардың тұрақты еместігін, олардың да үздіксіз қозғалып, өзгеріске түсетінін ашты. Аталған зерттеу бойынша Арктур мен Сүмбіле бірдей жылжыған. Сүмбіле 1800 жыл ішінде оңтүстікке қарай 30 Минут дуги (шамамен ай шарының радиусындай) жылжыған екен.

Сүмбіле 1868 жылы әлемдегі тұңғыш рет қозғалыс жылдамдығы өлшеніп шыққан тұрақты жұлдыз есептеледі. Сэр Уильям Хаггинс Сүмбіле жұлдызының жарық спектріне мұқият талдау жасап, ондағы ап-анық қызаруды байқады. Сонымен ол Сүмбіле жұлдызы 40км/сек жылдамдықпен күн жүйесінен алыстап бара жатыр деген қорытындыға келді. Бұл кезектегі өлшеулер бойынша 7.6км/сек деген нәтижеден біршама артық болса да, астрономия ғылымында Радиаль жылдамдықты өлшеуді зерттеудің басы болды.

Серік жұлдызының байқалуы thumb|right|200px|Қос ергежейлінің өзара айналуы Неміс астрономы Фридрих Вильгельм Бессель 1844 жылы Сүмбіле қозғалысындағы түсініксіз өзгерістерге негізделіп, оның басқа бір серік жұлдызы бар екенін жорамалдады.

Шамамен 20 жылдан кейін АҚШ телескоп жасаушы және астрономы Алван Грэм Кларк(Alvan Graham Clark)1862ж. 31 қаңтарда тұңғыш рет осы күңгірт серікті байқады. Астрономдар оны Сүмбіле В, немесе Кіші Сүмбіле деп атады. Ал жарық және көзбен көруге болатыны салыстырмалы түрде Сүмбіле А деп аталады.

1894ж. бастап адамдар Сүмбіленің орбитасындағы жүйесіздікті байқап, бәлкім Сүмбіленің үшінші серігі болуы мүмкін деп жорамалдады. БІрақ бұл жорамал әлі дәлелденген жоқ. Есептеулерге негізделгенде жорамалданған 2-ші серігінің Сүмбіле А -ны айналу периоды 6 жыл, ол күн массасының 0.06 есесіндей ғана. Ол Ақ ергежейлі есептелетін Сүмбіле В жұлдызына қарағанда 5-10 дәрежелі қараңғы, сондықтан бұл серік әлі айқындалмай, анықталмай келеді. For the instability of an orbit around Sirius B, see §3.2. 1920 жылы байқалған Сүмбіленің Екінші серігі делінген жұлдыз Сүмбіленің ар жағындағы Сүмбілеге қатысы жоқ жұлдыз екен. Таяудағы зерттеу шамалары аталған екінші серік жұлдыздың барын дәлелдей алмағанымен, бірақ ол Сүмбіле А ға өте жақын болғандықтан, бәлкім анықталмай жатқан болар деген жорамалға апарады.

Уолтер Адамс 1915 жылы Вильсон обсерваториясында 1.5 метрлік шашыратқыш телескоп арқылы Сүмбіле В жұлдызының жарық спектріне талдау жасап, оны күңгірт Ақ ергежейлі жұлдыз деп бағалады. Оның Ақ ергежейлі болу сипаты содан былай тұрақтасты. Ол тарихтағы анықталған екінші Ақ ергежейлі есептеледі.

Robert Hanbury Brown және Richard Q. Twiss қатарлы зерттеушілер 1959 жылы Jodrell Bank обсерваториясында өздерінің Оптикалық интерферометрі арқылы Сүмбіле А жұлдызының диаметрін есептеді.

Астрономдар 2005 жылы Хаббл ғарыш телескопы арқылы Сүмбіле В жұлдызының диаметрі шамамен жер диаметріндей екенін (12,000км) анықтады. Бірақ аталған жұлдыздың салмағы күн салмағының 98% екен.

"Қызыл жұлдыз" пікірталасы Сүмбіле жұлдызы жай көзге негізінен ақ жарықты. Бірақ кейде ол түрлі жарықтардың құбылып тұрғанындай көрінетіні тағы бар. Оған тесіле қараған адам ондағы жалтылды, жарық ауысуын байқамай қоймайды. Тарихта оның түсін қызыл деп сипаттау көп кездеседі. Бірақ, аталған жұлдыз (Сүмбіле А жұлдызы) сөнген қызыл жұлдыз емесі тағы белгілі. Сонымен астрономияда оның түсі туралы талас-тартыс болып өтті. thumb|right|200px|Клавди Птолемей ( 90ж. – 168ж.) Б.з.д 150-ші жылдары астроном Птоломей Сүмбілені "қызыл жұлдыз" деп есептеп, басқа бес тұрақты жұлдызбен бірге (Арктур, Бетельгейзе, Антарес, Альдебаран және Поллукс) қызыл және сарғыш түсте көрінетін жұлдыздар деп сипаттаған. Әуесқой астроном Thomas Barker 1760 жылы Лондон ғылым академиясы жиналысында Птоломей белгілеген қызыл түсті жұлдыздардың шындыққа сай келмейтіні туралы баяндама жасады. Көптеген жұлдыздарда жарқылының ауысуы құбылысы болады, түсі құбылып көрінеді, сондықтан адамдар ол жұлдыздарды қызыл түске де ауысады деп түсінген. Thomas Jefferson Jackson See 1892 жылдан бастап Қызыл түсті Сүмбіле мәселесін көтеріп, өз зерттеулерінен бірнеше мақалалар жариялады. Ол Сүмбіленің қызыл түсті екенін Птолемей ғана емес, астроном болмаса да ақын Арат, шешен Цицерон, қолбасы Германикалар да айтқан екен. Сенека болса Сүмбіле қызыл түсті, тіпті Марсқа қарағанда қызылы әлдеқайда қою деп жазыпты. Бірақ барлығы солай есептемеген. Мысалы Іғ.-дағы ақын Маркус Манилий оны "көк түсті" жұлдыз деп сипаттаса, ІVғ.-дағы ақын Avienus те солай жазыпты. ЕЖелгі қытайлар б.з.д. ІІғ. жазбаларында және IVғ. жазбаларында Сүмбілені ақ түсті деп сипаттаған. thumb|right|200px|Сүмбіле, Хаббл ғарыш телескопы