"Қайрат" — Динамо (Киев) — 1986 жылғы Футболдан КСРО чемпионатының 1986 жылғы маусымындағы 22-тур матчы. 3 қыркүйек күні Алматыдағы Орталық стадионда өтті. "Қайрат" футболшылары 2:1 есебімен жеңіске жетті.
Матч Матчың фавориті "Динамо" болды. Себебі, құрамында содан үш ай бұрын ғана Мексикада өткен әлем чемпионатында жарқыраған футболшылар жеткілікті еді: Демьяненко, Рац, Яковенко, Блохин, Беланов, Михайличенко, Баль және жаттықтырушысы Лобановский. Сондай-ақ бұл футболшылар сол жылы Кубок иелері кубогында топ жарған-ды. Оның үстіне "Динамо" турнир кестесінде "Қайраттан" анағұрлым жоғары тұрған болатын.
"Қайрат" өзінің кәдуілгі оптималды құрамымен алаңға шықты.
Ойын алаң иелерінің күтпеген шабуылымен басталды. Пехлеваниди мен Волгин өзара пас алмасып, киевтіктердің айып алаңына жетіп келді. Нәтижесінде Пехлеваниди әлі де бой қыздырып жүрген Чанов қорғаған қақпаны дәл көздеп, есеп ашты. Бұл — 10-шы секунд болатын.
Динамолықтар өз-өзіне келем дегенше қайраттықтар бірнеше рет қорғанысты бұзып өтті. Жылдам гол есеңгіретіп тастаған қонақтар бірінші таймда оншалықты ойнай алмады. 20-минутта алғашқы голдың соавторы атанған Волгин Салимовқа пас тастады. Салимовты Горилый шалып құлатты да, төреші пенальти белгіледі. Яровенко есепті еселеді — 2:0.
Динамолықтар тек бірінші таймның соңғы минуттарында ғана есеп айырмасын қысқартты. Олег Кузнецовтың айып добынан соққан голы матчтағы соңғы гол еді.
Екінші таймда Лобановский алаңға Белановты шығарғанымен, есеп өзгермеді. Бұл күні киевтіктер аздап басымдау болғанымен өз мүмкіндіктерін толық ашып көрсете алмады. Керісінше алматылықтар бірнеше рет қауіпті шабуыл жасады, бірақ пайдалана алған жоқ. Екінші тайм осылайша алма-кезек шабуылдармен өтті.
Матч соңына қарай қонақтардың жүйкесі сыр бере бастады. 82, 87 минуттарда Горилый екі рет тәртіп бұзды, екеуінде де сары қағаз алып, алаңнан қуылды.
Ал, "Қайрат" футболшылары өздерінің тарихындағы ең жақсы матчтарының бірін өткізді.
Протокол
Қайрат: Александр УбыкинБорис ЖұмановЕвгений ЯровенкоСергей ТимофеевДмитрий ОгайСергей ВолгинВладимир НикитенкоСергей ЛедовскихФанас СалимовВахид МасудовЕвстафий ПехлеванидиАлаңға шыққандар:Сергей СорокинВиктор Карачун Динамо: Виктор ЧановВладимир Горилый Вадим КаратаевОлег КузнецовАнатолий ДемьяненкоВасилий РацПавел ЯковенкоАндрей БальАлексей МихайличенкоВадим ЕвтушенкоОлег БлохинАлаңға шыққандар:Александр Щербаков Игорь Беланов
Матчтан кейінгі турнир кестесі ОКомандаОҰТЖГолдар±Ұ1Зенит21106534 − 21 +13262Шахтер2297631 − 21 +10253Динамо М2097426 − 20 +6254Спартак2296737 − 18 +19245Торпедо М23711522 − 20 +2246Динамо К1787222 − 15 +7237Днепр2278730 − 29 +1228Динамо Тб2278720 − 23−3229Нефтчи22610624 − 23 +12210Жальгирис22841019 − 25−62011Арарат2276918 − 23−52012Динамо Мн2276921 − 31−102013Қайрат2276918 − 28−102014Черноморец Одесса22751020 − 23−31915Металлист2157915 − 19−41716Торпедо Кт22461220 − 41−2114
Фактілер Пехлеванидидің 10-секундта соққан голы КСРО чемпионаты тарихындағы ең жылдам гол боп тарихта қалды. Олег Кузнецов "Динамо" клубының КСРО чемпионаттарындағы 2100-ші голын соқты.
Сілтемелер "Қайрат" Алматы - "Динамо" Киев, 1987 Александр Костенконың естелігі Ойынның протоколы
Санат:Қайрат ФК ойындары
Санат:Динамо Киев ФК ойындары Санат:Футболдан КСРО чемпионаты Санат:1986 жылғы футбол