Kapital.kz — қазақстандық жаңалықтар сайты. 2007 жылдан бері жұмыс істейді. Сайт Қазақстан, сондай-ақ, алыс және жақын шетелдің қаржы, экономика, бизнес, саяси салаларындағы жаңалықтарды хабарлайды. Веб-портал «Musan Group» холдингінің құрамына кіреді«Musan Group» ресми сайты.
Тарихы 2007 жылға дейін сайт «Капитал» газетінің электрондық нұсқасы ретінде, www.gazetakapital.kz атауымен жұмыс істеді.
2011 жылғы 24 қазанда сайттың атауы «Kapital.kz» іскерлік ақпарат орталығы» болып ұсынылды.
2014 жылы Иван Ургант «Вечерний Ургант» телебағдарламасының эфирінде Kapital.kz порталының ҚР білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіповтың балаларды болашақ мамандықтарға оқыту туралы мақаласынан дәйексөз келтірдіУргант капитал жайында // YouTube.
2015 жылы сайт Қазақстандағы Facebook әлеуметтік желісіндегі жазылушылар саны бойынша БАҚ рейтингінің бірінші бестігіне Forbes, Esquire, Tengrinews.kz сайттарының қатарында енді]Ең іскерлік әлеуметтік желідегі жазылушылар саны бойынша БАҚ рейтингі // Forbes.
2016 жылы Kapital.kz ақпараттық материалдарды ұрлауға қарсы шыққан қазақстандық интернет БАҚ қатарында авторлық контентті қолдану туралы келісімге қол қойды. Бұл келісім бойынша, мақалаларды қайта басу және басқа ресурстарға салу кезінде материал көлемінің үлесі 30%-тен аспау керек, сондай-ақ, түпдерекке тура сілтеме берілуі қажетҚазақстандық интернет БАҚ контент ұрлығына қарсы шықты // “Радиоточка” АА .
Қызметі Kapital.kz орыс тіліндегі жаңалықтарды тәулік бойы жариялайды.
Сайттың негізгі құзыреттілігі — экономика, қаржы және бизнес салаларындағы жаңалықтар. Күн сайын сайтта Қазақстан Ұлттық банкінің ресми валюта бағамы және мұнай мен металдардың бағаларына шолулар жарияланады.
Порталдың өз медиагалереясы бар.
Сондай-ақ, Kapital.kz жаңалықтары канал RSS арнасы арқылы таратылады.
Порталда тәулігіне 50-60 мың бірегей келуші белгіленедіСайттың статистикасы.
Порталдың мобильдік нұсқалары iOS және Android жүйелеріне бейімделген.
Жетістіктері 2008 жылы сайт Award.kz Ұлттық интернет сыйлығының «Бұқаралық ақпарат құралдары» номинациясында 2 орынға ие болдыAWARD.kz - 2008 Ұлттық интернет сыйлығының «Бұқаралық ақпарат құралдары» номинациясы бойынша жеңімпаздар жарияланды // internews.kz .
2012 жылы портал Award.kz Ұлттық интернет сыйлығының «Бұқаралық ақпарат құралдары» номинациясында 3 орын алдыAward.kz-2012 Ұлттық интернет сыйлығының нәтижелері // Tengrinews.kz.
Дереккөздер