Үстірт-Қарақұм ауданы — Қырғыз АКСР-дағы Адай уезінің бұрынғы әкімшілік бөліну бірлігі.

Тарихы Аудан Адай уезі құрамында 1923 жылдың 20 наурызында құрылған. Аудан халқының барлығы көшпенді болған, бұл жағдай ауданның орталығы жоқтығына әкелді.

1923 жылдың 5 шілдесінде аудан таратылды. Құрамына кірген болыстар уезд басшылығына тікелей бағыныңқылы болды.

Әкімшілік бөлінуі Аудан 7 болыстан тұрды. Олар: 4-ші, 6-шы, 7-ші Адай; Әли-Бәйімбет; Келімберді; 1-ші, 2-ші Түрікменадай

Дереккөздер

Санат:Қазақстанның таратылған аудандары