Шолаққарғалы — Алматы облысы Жамбыл ауданы, Шолаққарғалы ауылдық округі құрамындағы ауыл.

Тарихы Шолаққарғалы ауылы ХХ ғасырда шағын екі үйден тұратын мал шаруашылығымен айналысатын қазақ отбасыларының шағын қыстағы болатын. Ал ауыл кеңес үкіметінің колхоздандыру, совхоздандыру кезінде шамамен 1930 жылдары салынған. Ол кездері шағын ауылды «Заготовка скота» деп атаған. Себебі, ауылдың негізгі күн көрісі мал шаруашылығы болған. Ұлы Отан соғыс жылдары ауыл майданға ет өнімдерін ең жоғарғы көлемде жіберіп отырған. Соғыс босталғанда ауыл жастары майданға кетіп, ауылда тек қарт адамдар қалған. 1949 жылы сол кездегі ең керемет үйлер «хан үйлері» деп аталатын. Сол үйлер бой көөтерген шағын көркем табиғатты жол бойының екі жағында орналасқан ауылда бір ғана қазіргі Қазақстан көшесі болды. Ауылдың аймағанда 3,5 гектар алама ағашы, көптеген егін алқабы болған. Ауылдың шығыс жағында Шолаққарғалы өзені, оңтүстігінде шағын көл орналасқанhttps://ziatker.kz/docx/tarihi_soly_solaqqargaly_ayylynyng_tarihy_66332.html

Географиялық орны Аудан орталығы - Ұзынағаш ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 5 км-дей жерде.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен424528 684 129,5 266 331 124,4 262 353 134,7

Дереккөздер

Санат:Жамбыл ауданы (Алматы облысы) елді мекендері