Дәулет ауылдық округі – Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданындағы әкімшілік бірлік.

Әкімшілік құрамы Құрамындағы жалғыз елді мекен әрі әкімшілік орталығы – Дәулет ауылы.

Тарихы 2007 жылы Мұнайлы ауданының Қызылтөбе ауылдық округінен бөліну арқылы орталығы және шекарасы Дәулет ауылы болатын Дәулет ауылдық округі құрылды.Мұнайлы ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы

Халқы 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 10135 адамды (5157 ер адам және 4978 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары

Дереккөздер

Санат:Мұнайлы ауданы ауылдық округтері