Басқұдық — Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданындағы ауыл, Басқұдық ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы — Маңғыстау ауылынан батысқа қарай 9 км-дей жерде.
Халқы 2009 20212021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары 14215 31534
2016 жылы тұрғын саны 28500 адамға жеткен. Миграциялық толқынмен жылдан жылға халықтың өсімі байқалады. Табиғи өсіммен жылына 1000-ға жуық сәби дүниеге келеді. Ауылда 2016 жылы 7 бала өлімі тіркелген.
Халық саны Қазақтар (%) Орыстар (%) Өзбектер (%) басқа этностар (%) 28500 28464 (99,86) 21 (0,08) 10 (0,04) 5 (0,02)
Тарихы 2007 жылы Маңғыстау ауылының құрамынан "Металлург", "Гранит" саяжай алаптары, "Маржан-21 ғасыр" өндірістік кооперативі бөлініп шығарылып, солардың негізінде Басқұдық ауылы құрылды.Мұнайлы ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы
Инфрақұрылымы Ауылда 1 мектеп бар. Ауылда БМСККО филиалы жұмыс істейді.
Ауыл шаруашылығы Ауылда фермер қожалығы, немесе мал шаруашылығы жоқ. Ауыл тұрғындары малдарын жеке қожалықта ұстайды. Жеке қожалықтағы мал шаруашылығының есебі ауылдық округ әкімі аппаратында шаруашылық кітаптарына тіркеліп, әр тоқсан сайын жеке малдардың есебі алынып отырады.
Жылы Мал саны Түйе Сиыр Жылқы Қой/ешкі 2015 301 181 12 18 90 2016 385 201 21 15 148
Дереккөздер
Санат:Мұнайлы ауданы елді мекендері