Бақытжан Әлпейісов (1960 жылы 9 наурызда Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданында туған) — кино, театр және дубляж актері. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2013).
Толығырақ Бақытжан Әлпейісов 1960 жылы 9 наурызда Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданында дүниеге келген. Әкесі - Әшімәлі. Анасы - Ділдәгүл. 1979 - 1983 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы (бұрынғы Алматы мемлекеттік театр және көркемсурет иниститутын) бітірген. 1983 - 1992 жылдары Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актері. 1992 - 1999 жылдары Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері болды. 1989 жылдан Қазақфильм киностудиясының актері.
Кино рөлдері 1987 жылы "Лейтенант С" 1989 жылы "Соңғы Бекет" 1991 жылы "Сұржекей" 1996 - 2000 жылдары "Перекресток" (Тоғысқан тағдырлар) телесериалында Шерхан Омаров рөлі; 2001 - 2003 жылдары "Саранча" телесериалында Арыстан Бәпшиев рөлі; 2008 жылы "Мұтафа Шоқай" 2011 жылы "Алдар көсе" және т.б
Марапаттары 2008 жылы Қазақстан кинематографистер одағының "Құлагер" ұлттық киносыйлығының иегері. "Жыл актері" аталымы бойынша. 2013 жылы Елбасының жарлығымен "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағымен марапатталған.
Санат:Қазақ ұлттық өнер академиясы түлектері Санат:Қазақфильм тұлғалары Санат:Құлагер ұлттық киносыйлығының иегерлері Санат:9 наурызда туғандар Санат:Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театры тұлғалары