Жұмабай Ахметұлы Орманбаев Қызметіжурналист, жазушы.Туған күні1906Туған жеріҚарағанды облысы Жаңаарқа ауданыАзаматтығыҚайтыс болған күні1985Қайтыс болған жеріМарапаттары
Жұмабай Ахметұлы Орманбаев (1906 –1985) – журналист, жазушы. Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының түлегі. 1927 жылы Орта Азия коммунистік университетін бітірген.
Қызмет жолы Ташкентте студенттердің "Кедей айнасы" журналының редакторы, әрі университет комсомол ұйымының хатшысы. 1927−1935 жылдары "Лениншіл жас" (Қызылорда), "Еңбек майданы" (Қарқаралы), "Сыр бойы" (Қызылорда), "Колхоз жолы" (Көкшетау), "Ленин туы" (Петропавл), "Қарағанды пролетариаты" (Қарағанды) газеттерінде редактор болды. 1941−1966 жылдары Ақмола облысы "Коммунизм таңы" газеттерінде, "Жаңа өмір" журналында істеді.
Еңбектері 1928 жылы − "Жылқышылар", 1967 жылы − "Қос басшы", 1968 жылы − "Шопан Дадеш", 1972 жылы − "Тұзақталған шортан" атты кітаптары жарық көрді."Қарағанды. Қарағанды облысы" энциклопедия. Алматы, Атамұра 2000 ж.
Дереккөздер
Санат:Қазақстан журналистері Санат:Қарағанды тұлғалары