Ағайынды Люмьер — кино құрылтайшылары: Луи Жан Люмьер (1864-1948) — інісі өнертапқыш ("Синематограф" аппаратын ойлап тапқан). Огюст Мари Луи Николя Люмьер (1862-1954) ағасы (ұйымдастырушы).

Кинематографтың құрылуы 1883 жылдан бастап Луи және Огюст өздерінің әкесі Антуанмен бірге Луидің дамыған технологиясы негізінде күміс бромидін қолданып, Лионда желатинді фотопластинкалар өндіру зауытын ашты. Бірінші жылы олардың фабрикасы 216 мың фотопластинкаларды өндірді, ал 1890 фабрикада 200 жұмысшы жұмыс жасап, жыл сайын 4 миллион пластинка өндірді. 1892 жылы Люмьерлер компаниясы бромидті қағаз өндірді және ол кезде бұл капитал 3 миллион франкті құрады.

«Синематограф» (фр. Cinématographe, грек тілінен аударғанда - қозғалыс және жазу) техникасын ойлап тапқан кіші інісі Луиға сол сәтте отбасылық фабрика ресми түрде тиесілі болды. Оның жобасы Огюстті ішінара қаржыландырып отырды, бірақ түсіру апаратын ойлап тапқаннан кейін екі ағайынды алғашқы фильмді түсіруге белсенді ат салысты. Ағайынды Люмьерлер жаңа апаратты жасау барысында олармен бірге Жюль Карпантье көмектесті.

Таңдаулы фильмдері + 1895 жылы 28 желтоқсанда Капуцинок бульварындағы алғашқы киносеанста көрсетілген фильмдер Фильм Атауы Түсірілім күні мен орны 140px La Voltige Вольтаждау Пар-Дьё казармасы, Лион (көктем 1895) 140px La sortie de l’usine Lumière à Lyon Лиондағы Люмьер зауытынан шығу 26 мамыр 1895, Лион 140px Repas de bébé Балалар тағамы 1895, Лион 140px Pêche aux poissons rouges Алтын балық аулау 1895, Лион 140px La place des Cordeliers à Lyon Лиондағы Кордельерлер алаңы 10 мамыр 1895, Лион 140px Le jardinier (l’Arroseur arrosé)Бағбан 1895, Лион 140px Le débarquement du Congrès de photographie à Lyon Лиондағы фотоконгреске делегаттардың келуі 11 маусым 1895, Лион 140px Le saut à la couvertureКөрпе арқылы секіру көктем 1895, Лион 140px La mer (Baignade en mer)Теңіз (Теңізде жүзу) 1895, Ла-Сьота 140px ForgeronsҰсталар 1895, Лион

Санат:Франция өнертапқыштары Санат:Ағайындар Санат:Франция кинорежиссёрлері Санат:Француз ғылым академиясының мүшелері