Күлжәмилә Белжанова (11 желтоқсан, 1958 жылы Астанада туған) — актриса. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2013). Ерен еңбегі үшін медалінің иегері (2006).

Толығырақ Күлжәмилә Белжанова 1958 жылы 11 желтоқсанда бұрынғы Целиоград (қазіргі Астана қаласында) дүниеге келген. 1980-1984 жылдары Қазақ ұлттық өнер академиясы (бұрынғы Алматы мемлекеттік театр және көркем сурет өнері институтының) актер мамандығын бітірген. 1984-1987 жылдары Абай атындағы Семей облыстық музыкалық-драма театрында актриса болып еңбек жасаған. 1987 жылдан Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актрисасы. Ж.Елібеков атындағы Республикалық эстрада-цирк колледжінің доценті.

Сахнадағы негізгі рөлдері С.Балғабаев «Қыз жиырмаға толғанда» – Жібек, «Ең әдемі келіншек» -Зухра, Т.Минуллин «Диляфруздың төрт күйеуі» – Диляфруз, Д.Исабеков «Анасын аңсаған қыз» – Перизат, У.Шекспир «Дуалы түнгі думан» – Перизат, «Махаббат айдыны» – Алисэлла, И.Сапарбай «Ауылдан келген ару» -Гүлдана, Ф.Оңғарсынова «Бақыт пен мұң» – Бақыт, Б.Майлин «Неке қияр» -қалыңдық, Ә.Тарази «Індет» – Әзиза, М.Әуезов «Қаралы сұлу» – Бопи, Мәнсия,С.Елубаев «Аспаннан түскен адам» және т.б көптеген бейнелерді сомдаған.

Марапаттары 2006 жылы "Ерен Еңбегі үшін" медалі 2013 жылы елбасының жарлығымен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері құрметті атағымен марапатталған. 2016 жылы "Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл" медалі

Санат:Қазақстан театр актрисалары Санат:Қазақ ұлттық өнер академиясы түлектері Санат:Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театры тұлғалары Санат:Қазақстан киноактрисалары