Оразбек Телбайұлы Бекбас (20 шілде, 1950 жылы Алматы облысында туған) — Инженер-энергетик. Қазақстан Энергетика Кәсіподағының төрағасы (2015 жылдан). Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген энергетигі. «Құрмет ордені»нің иегері.

Толығырақ Оразбек Телбайұлы Бекбас 1950 жылы 20 шілдеде Алматы облысында дүниеге келген. 1977 жылы Алматы энергетика иниститутында инженер-жылуэнергетгі мамандығы бойынша бітірген. Алматы ЖЭО-1 мекемесінде сантехник құрал операторы; «Средазэнергомонтаж»да шебер; Алматы энергетика институтының комсомол комитетінің хатшысы; 1981 жылы Алматы қалалық кеңесінің көмекшісі; Алматы қалалық комитетінің төрағасы; Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының аға маманы Талдықорған қаласы әкімінің бірінші орынбасары; Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Стандарт Жүйесі құрылымдарының бірқатар директоры; 2009 – 2011 жылдары «KEGOC-Сервис» компаниясының директорының орынбасары, Әкімшілік департаментінің бас менеджері-үйлестірушісі; 2012 жыл «Самұрық-Энерго» АҚ әкімшілік бөлімінің төрағасы; 2015 жылдан «Самұрық-Энерго» АҚның Адам құқықтары жөніндегі уәкілі; 2013 жылдан «Энергетиктер кәсіподағының федерациясы»ның Қоғамдық бірлестігінің төрағасы.

Мемлекеттік марапаттары КСРОның «Ерен Еңбегі үшін» медалі «Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген энергетигі» құрметті атағы берілді. президент жарлығымен тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік марапаты «Құрмет ордені» мен марапатталды. 1998 жылы ҚР тұңғыш мемлекеттік медалі «Астана» медалі 2001 жылы «Қазақстан тәуелсіздігіне 10 жыл» медалі 2016 жылы «Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл» медалі

Санат:Алматы облысында туғандар Санат:Қазақстан энергетиктері