Зо́я Фёдоровна Булга́кова (24 желтоқсан 1914 жыл, Ново-Николаевск, Томск губерниясы, Ресей империясы – 3 ақпан 2017 жыл, Новосибирск, Ресей) – кеңестік театр актрисасы, РКФСР еңбек сіңірген актрисасы (1945). Ресейдің ең үлкен актрисаларының бірі болған.

Зоя Булгакова 1914 жылы 24 желтоқсанда Ново-Николаевск қаласында, көпбалалы отбасында дүниеге келген.

Әкесі арбакеш, шешесі бес баланы тәрбиелеп, бағып-қаққан. Глобус атты Новосибирск театрында 1930 жылдан бастап ойнаған, театр студиясының алғашқы түлектерінің бірі. Балалар театрында 30 жыл бойы 70 рөлді сомдап шықты. Актрисаға көбінесе балалардың рөлін ойнау оңайға соққан.

Еңбек жолы 1932-жылы Новособирск театрының студиясын аяқтады.

1930-1960-жылдары Новосибирск театрында травести ретінде жұмыс атқарды.

1940,1946-жылдары Мәскеу балалар театрында актриса болды.

Зоя Фёдоровнаның аты Новосибирск облысы мәдениетінің Алтын кітабына «Честь и достоинство» лауреатының иегері ретінде енгізілді (2001).

Актрисаның жүзжылдығына арнап 2014-жылы 19-желтоқсанда театр сахнасында шығармашылық кеш өткізілді.