Һуараң (, сөзбе-сөз: гүлденген бозбала) — ежелгі Кореялық Силла патшалығында X ғасырға дейін болған жасөспірімдер әлеуметтік институты. Һуараңдар қатарына тек ақсүйектер емес, сондай-ақ қара халықтан шыққан 14-15 жастағы жасөспірімдер де алынған. Бейбіт заман кезінде олар Құң-зы және буддизм ілімдерінен сабақ алумен, таулы аңғарлармен серуендеумен, қасиетті жерлерге барумен, сондай-ақ мемлекетті басқару мен «қызба перілері» мен қауіп нышандарын айдау, жауды кері шегіндіру сияқты ғажайып күштерге ие әндерді шығарумен айналысқан. Ал соғыс кезінде алдыңғы қатарда тұратын негізгі күш болған. Һуараңдардың ерлігі жайлы корей жылнамаларында Самгук саги және Самгук юса сияқты көптеген деректер кездеседі.
Һуараңдардың рухани сауаты Жинпиоң патша (579-631) тұсында өмір сүрген Уоңуаң есімді будда монахы құрастырған «Бес өсиетке» негізделген: Патшаға адал бол (сагун ичхуң; ) Ата-анаңмен инабатты бол (сачхин ихё; ) Достарыңмен шынайы бол (кёу исин; ) Шайқаста батыл бол (имджон мутхве; ) Тіріні өлтірмес бұрын талғампаз бол (сальсэң ютхэк; )
Тағы қараңыз Самурай
Сыртқы сілтемелер McBride, Richard D., II. "The Hwarang segi Manuscripts: An In-Progress Colonial Period Fiction." Korea Journal, vol. 45, no. 3 (Autumn 2005):230-260. Tikhonov, Vladimir. "Hwarang Organization: Its Functions and Ethics." Korea Journal, vol. 38, no. 2 (Summer 1998):318-338. Hwarangkwan.org,. (2014). Kwan_Chang. Retrieved 6 желтоқсан 2014 Shin, Chi-Yun. "Glossary of key terms". New York: New York University Press, 2005.
Санат:Силла Санат:Корея тарихы