Сәдуақас Хасенұлы Боқаев ( — 1937) — физика-матемематикалық ғылымдары бойынша қазақ халқы арасынан шыққан тұңғыш доцент. 1932 ж. Мәскеу университеттін бітіріп, сол жылы осы университеттің аспирантурасына түскен. Бірақ Қазақ АКСР Халық ағарту комиссариаты оны 1932 ж. Алматыға шақыртып алады. 1932 — 36 ж. Қазақ педагогикалық инcтитутында ассистент, кафедра меңгерушісі, декан, профессор болды, мұнымен қатар ол 1935 — 36 ж. ҚазМУ-де кафедра меңгерушісі қызметін атқарып, студенттерге математиканың арнаулы салаларынан лекция оқыды. Боқаев Сәдуақас Хасенұлы дифференциалдық теңдеулер, арнаулы функциялар, конформдық түрлендіру теориясының және олардың механикада қолданылу мәселелерін зерттеумен айналысты. Орта және жоғары оқу орындарына арналған оқулықтар мен оқу құралдарын құрастырды. Ол Қазақ АКСР Халық ағарту комиссариаты жанындағы терминология комиссияның мүшесі болды. 1937 ж. саяси қуғын-сүргінге ұшырады.
Дереккөздер
Санат:1907 жылы туғандар Санат:1937 жылы қайтыс болғандар Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:КСРО математиктері Санат:Қазақстан математиктері