thumb|right|200px|Алексей Викторович Щусев Алексей Викторович Щусев (8 қазан, 1873, Кишинёв қаласы – 24 мамыр, 1949, Мәскеу қаласы) – архитектор, КСРО-ның еңбек сіңірген архитекторы (1930), Санкт-Петербург Көркемсурет академиясының (1910) және КСРО ғылым академиясының (1943) академигі.

Өмірбаяны 1891 – 97 жылдары Санкт-Петербургтің Көркемсурет академиясында (Л.Н. Бенуа мен И.Е.Репиннен) оқыған. 1897 – 98 ж. Италия, Тунис, Англия мен Францияны аралап, Париж қаласындағы Жюлиан академиясында суреттен дәріс алды. “Жаңа Мәскеу” жобасының бас архитекторы (1918 – 25), Мәскеу архитекторлары қоғамының төрағасы (1922 – 29), Третьяков галереясының директоры (1926 – 29), Мәскеу қаласындағы орыс архитектурасы мұражайын ұйымдастырушы әрі директоры (1946 – 49) болды. 1920 – 50 жылы нағыз кемелдену сатысына көтеріліп, қала салу ісіне елеулі еңбек сіңірді.

ВХУТЕМАС (1914 – 24) пен Мәскеу архитектура институтында (1948 – 49) ұстаздық етті.

Еңбектері Басты еңбектері: Мәскеу қаласындағы Қазан вокзалы (1914 – 26; 1941) В.И. Ленин мавзолейі (1924 – 30) бұрынғы Наркомзем ғимараты (1928 – 33) “Мәскеу” қонақ үйі (1932 – 35, басқа архитекторлармен бірге); Тбилиси қаласындағы бұрынғы партия тарихы институтын (1933 – 38) Батуми (1934 – 38) қаласындағы қонақ үй

Баку (“Интурист”, 1937 – 38) қаласындағы қонақ үй

Кишинёв (1949) қаласындағы қонақ үй Ташкент қаласындағы Үлкен опера және балет театрын (1938 – 47) Алматы қаласындағы ҚР ҰҒА ғимаратын (1947, басқа архитекторлармен бірге) салу ісінде ұлттық сәулет өнері ырғақтарын ұтымды қолданды.

Ол архитектура мәселелері туралы 200-ден астам мақалалар жазды.

Марапаттары

КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1941, 1946, 1948; 1952, қайтыс болғаннан кейін).

Көптеген орден, медальдармен марапатталған.Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8

Галерея

Дереккөздер

Санат:8 қазанда туғандар Санат:1873 жылы туғандар Санат:Кишинёвте туғандар Санат:24 мамырда қайтыс болғандар Санат:1949 жылы қайтыс болғандар Санат:Мәскеуде қайтыс болғандар Санат:Ұлы Новгород сәулетшілері Санат:XX ғасыр сәулетшілері Санат:Мәскеу сәулетшілері Санат:Ресей империясы сәулетшілері Санат:Баку сәулетшілері Санат:Кишинёв сәулетшілері Санат:Молдавия сәулетшілері Санат:КСРО сәулетшілері Санат:Ленин орденінің иегерлері Санат:Еңбек Қызыл Туы орденінің иегерлері Санат:Сталиндік сыйлықтың иегерлері Санат:КСРО еңбегі сіңген сәулетшілері Санат:КСРО Ғылым Академиясының академиктері Санат:Новодевичье зиратында жерленгендер Санат:КСРО архитекторлар одағының мүшелері Санат:Мемлекеттік Третьяков галереясының директорлары